Танымал американдық продюсермен кездесу өтті
Талдықорған қаласындағы журналистер үйінде киноматаграфия саласының үздігі Дженнифер Арнольд шеберлік сағатын өткізді.
Шеберлік сабағы кино сүйер қауымға осы салада еңбек жолын бастайтын жанның бәріне қызық болғаны анық.
Сыр-сұхбат форматында ұйымдастырылған кеш барысында режиссер түсірілім барысында басынан өткерген қызықты жайттарды айтып, Арнольд көркем және өзгеде жанрдағы фильмдерге сахналарды қайтып құру және қалай бағыттау керектігі туралы өз аузынан әңгімелеп берді.
Дженнифер Арнольд туралы ақпаратқа сүйенсек, ол — Эмми сыйлығына үміткер, жазушы, продюсер және режиссер. Оның еңбектеріне «A Small Act» (HBO), «The Diplomat» (ESPN) және «Tig» (Netflix), толық метражды комедиялары «Fat Camp» сынды телевизиялық комедиялары, сонымен қатар «Жердегі соңғы адам» (Fox), «Елес» (Fox) сияқты комедиялар кіреді.
Кездесу соңында тыңдармандар продюсерге емен-жарқын сұхбаты үшін ризашылығын білдіріп, естелік суретке түсті.
Айта кетейік, Дженнифер Арнольд американдық кинофильмдер көрмесі аясында Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының қолдауымен Қазақстанға келеді.