Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғам

ШАРА ҚОЛДАНУЫН ТАЛАП ЕТТІ

Өтеген батыр ауылы, Іле аудандық партия филиалының мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа «Nur Otan» партиясы Іле аудандық партия филиалы Партиялық бақылау комиссиясы төрағасы, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Ә. Исаев, комиссия мүшелері «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, С.Закиржанов, аудан әкімінің орынбасары С.Ерекешев, аудандық мәслихат хатшысы Р.Абилова, «Байсерке» БПҰ төрағасы, округ әкімі, Т. Көпбаева, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы А.Майшыбаев, аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Е. Жанабек, аудандық білім бөлімінің басшысы Л.Каткеева, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Ж. Айтенова, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Е.Нуркасымов, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, барлығы 30 адам қатысты. Бұл жиында қаралған негізгі мәселелердің бірі «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша, инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың және бюджеттік қаражаттың мақсатты  және тиімді жұмсалуы бойынша 2019 жылғы 10 ай ішінде атқарылған жұмыстар жайлы аудан әкімінің орынбасары С. Ерекешевтің есебі тыңдалды. Ал кезекті екінші мәселе аудандық мәслихат депутаттарының Байсерке ауылындағы ауыз сумен қамтамасыз ету жайлы сөз қозғалса, келесі бір өзекті мәселе  аудандық партия филиалы қоғамдық қабылдауында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, мемлекеттік мекеме басшыларының 2019 жылғы 10 ай ішінде азаматтарды қабылдау жағдайы туралы С. Закиржановтың хабарламасы тыңдалды. Р. Елешев сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарының арызы бойынша тексеріп, №12 орта мектеп жанындағы су құбыры жүйесі толық іске қосылмағаны, ауыз сумен толыққанды қамтамасыз етіп отырмағаны жайлы айтты. Сондай-ақ кәріз-насостық станциясы да ескірген, жөндеуді қажет етеді. Иесіз, әлі толық балансқа алынбаған. Осы мәселені назарларыңызға алып, шара қолдануларыңызды сұраймын, – деді.

Байсерке ауылындағы су құбыры желісі қазіргі таңда ескірген, себебі уақытылы жұмыс істемеді. Сондықтан бұл нысанды қайта жаңғырту мәселесін қарау керектігі айтылды. Күн тәртібіндегі 3-ші мәселе бойынша Закиржанов Садыр Тұрсынжанұлы сөз сөйлеп, аудандық партия филиалы қоғамдық қабылдауында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, мемлекеттік мекеме басшыларының азаматтарды қабылдау жұмысы қатаң бақылауда болатыны жайлы айтты.Көшпелі қабылдау да кестеге сай өткізіліп, дер кезінде арыз-шағым, ұсыныс бойынша шара қолдану керектігі, өткізілген қабылдау жайлы дер кезінде аудандық филиалға ақпарат беру, әлеуметтік желіге, БАҚ-да мақала шығару керектігіне тоқталды.

Күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, талқылай келе, «Nur Otan» партиясы Іле аудандық Партиялық бақылау комиссиясының кеңейтілген отырысы шешімдер қабылдады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button