Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғамРухани Жаңғыру

МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ МӘҢГІ ЖАСТАРЫМЫЗ

Бойымды да, ойымды түзеп тұрып,

Жаныма ақиқатты күзет қылып.

Елімізді биік шыңға жетелейді,

Мендегі қайсарлық пен  ізеттілік.

Жастықтың жалынымен тұлғаланып,

Сенімім серпіледі нұрға малып. Біз жастар Қанаттары талмайтұғын,

Қонатын қырандардай шыңға барып.

Айналдық қазақ деген іргелі елге,

Ілгерілеп келемін  бірге менде.

Жастарымыз жұлдыздай жарқырайды,

Болашақпен бірге жайнап гүлденгендей.

Біз жастар қыран құстай самғайтұғын,

Қанаты қанша ұшса да талмайтұғын.

Біз жастар заңғар шыңға қол созамыз,

Шыңдар жоқ біз шарықтап  бармайтұғын.

Аңсаған ашық болсын аспанымыз,

Көрінер алға қадам басқанымыз.

Жастарменен мәңгілік ел боламыз,

Мәңгілік елдің мәңгі жастарымыз!

 

Камила НҰРДӘУЛЕТ,

11 “а” сынып оқушысы. №3 орта мектеп

Басқа жаңалықтар

Back to top button