Аудан жаңалықтарыҚоғам

ҚОҒАМДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ

Бүгінде сыбайлас жемқорлық мәселесі барлық әлемді алаңдатып отырған аса өзекті мәселелердің бірі. Сыбайлас жемқорлықпен күресу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері қазіргі таңда саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдерге ортақ. Сыбайлас жемқорлық — заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.

Қазір елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қолданылуда, оның негізі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары болып табылады. Әдептілікті сақтау сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылады. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауына мониторингті және бақылауды жүргізу үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда әдеп жөніндегі уәкілдер енгізілген. Олар мемлекеттік қызмет саласындағы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңдарының және Әдеп кодексінің, шектеу мен тыйымдар, сондай-ақ жалпы қабылданған әдеп нормаларына сәйкес әріптестер арасында мәдениетті қарым-қатынас орнату бойынша кеңестер береді.

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Қазақстан 2030 – даму стратегиясында көрсетілген сыбайлас жемқорлықпен күресу іс-шаралары құқықтық мемлекеттің пайда болуы мемлекеттік Қазақстанның  қызметінің  жаңашылдануымен  тығыз  байланысты. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы Қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» 2019 жылғы 02 қыркүйекте өткізген Қазақстан халқына жолдауында «Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасаған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан белгілеу керектігі, сондай-ақ заңсыз және арандатушылық әрекеттерге барғаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлерін қатаң жазалау  ондай қызметкерлерге орын жоқ екендігі туралы» -айтқан болатын.

Жемқорлық ұғымы заманауи құқықтық сөздік қолданысында кеңінен қолданылады және терең тарихи тамыры бар. Жемқорлықтың қарапайым түсінігі — лауазымды тұлғалар, қоғамдық және саяси қайраткерлер мен мемлекеттік шенеуніктердің өз қызметтерінде сараңдық пен сатқындық танытуы.

Қазақ халқы ежелден «Адалдық – ардың ісі», «Ала жіпті аттамағанның абыройы биік» деген ұранмен, адалдықты ту еткені мәлім. Қазақ пайымында адам бойында адалдық, пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді қасиеттердің қалыптасқан нормаға сай болуы керек. Әр азамат бойына адамдық жақсы қасиеттерді сақтай отыра, адал еңбегімен мақсатты нәтижелерге қол жеткізу қажет.

Егемен елімізді ғасырлардан ғасырларға жетелейтін күш, әрине, бұл тәуелсіздігіміз бен бірлігіміз.

 

Ш. СУЛЕЙМЕНОВА, Іле аудандық қазынашылық басқармасының  төлемдерді алдын ала бақылау тобының бас маман-бас қазынашысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button