«ОЙЫ ҰШҚЫР, ТІЛІ ӨТКІР – ӘМИНА»
Іле аудандық кітапханасында жазушы, сыншы Қазақстан Журналистер Одағының және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әмина Құрманғалиқызының мұражай бұрышының ашылуы мен «Ойы ұшқыр, тілі өткір – Әмина» атты кездесу кеші өтті. Іс шара оқырмандарға Әмина Құрманғалиқызының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру, жас оқырмандарды жазушының шығармашылығы арқылы Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, отан сүйгіштікке, адамгершілікке, адалдыққа шақыру мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шараға Іле аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Рақымжан, аудандық «Іле таңы» газетінің бас редакторы Р.Айдарбекова, филология ғылымдарының докторы, профессор Г.Пірәлі, жазушы Ж.Әбдішова, «Ағарту ісінің үздігі» Т.Шәлдибекова, №13 М.Мақатаев атындағы орта мектептің 10 сынып оқушылары ұстаздары Ш.Болатханқызы қатысты. Кездесу кеші барысында «Біз білетін — Әмина» атты слайд көрсетіліп, оқушылар Әмина Құрманғалиқызының өлеңдерін оқып, кітапханашылар Әмина Құрманғалиқызының «Сатира – сынның жиені» кітабынан көрініс көрсетті.
А. МУКАШЕВА