Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғам

ТАБЫСЫНА ҚАРАМАСТАН ТӨЛЕУ ҰСЫНЫЛАДЫ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмекті берудің қолданыстағы жүйесін өзгертетін заң жобасын таныстырған еді. Оның басты бағыты — еңбекке ынталандыру, азаматтардың табыстарын және мемлекеттік қолдау мөлшерін есепке алуға қатысты ашықтық пен әділеттікті қамтамасыз ету. Жаңа заң жобасында көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыны табысына қарамастан төлеу ұсынылып отыр. Осыған байланысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жұмагүл Айтеновамен сұхбаттасқан едік.

Алғашқы сұрағымыз 2020 жылдан бастап көпбалалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы беріледі ме?

Көпбалалы отбасылардың құрамындағы балаларға, табысқа қарамастан Еңбек министрлігінің бұл ұсынысы қолдауға ие болып, тиісті заң жобасы қабылданып белгіленген мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылдың басынан бастап төленуде. Алайда атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа тетіктері әр отбасына жеке көзқарасты талап етеді. Негізгі принцип – мемлекет шынымен мұқтаж адамдарға көмектеседі. Атаулы әлеуметтік көмек – бұл пайда емес, аз қамтамасыз етілген отбасылардың қаржылық жағдайын жақсартуға және дағдарысты еңсеру үшін олардың қиын жағдайын жақсартуға арналған мемлекеттік қолдау.

Ауданымызда көпбалалылар саны қанша?

– Аудан көлемінде көпбалалы 5128 мың отбасы бар. Жаңа ұстанымдар көпбалалы аналарды қолдауды, жаңартылған атаулы әлеуметтік көмекті, кепілді әлеуметтік топтаманы қамтиды. Көпбалалы отбасыларға берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақыны отбасы балаларының санына қарай 42 500 теңгеден 74 388 мың теңгені құрайды.

Атаулы әлеуметтік көмек қалай тағайындалады?

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген кедейлік шегінен (21 505 теңге) аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі. Үміткер отбасы атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді. Тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген жағдайда, тұрғылықты жері бір елді мекен шегінде, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген күннің алдындағы алты ай ішінде уақытша болу (тұру) орны бойынша, мынадай жағдайларды қоспағанда, тіркелумен расталады. Қабылданған өтініш «Е-халык» ақпараттық жүйесіне тіркеліп, құжаттар топтамасы учаскелік коммиссияға беріледі, материалдық жағдайы тексерісінен өтіп, тексеріс нәтижесі бойынша қорытынды шығарылып жеті жұмыс күн ішінде Жұмыспен қамту орталығына жіберіледі. Орталық қағидаға сәйкес отбасының құжаттар пакеті (ЭҚП) келіп түскеннен кейін көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрін айқындайды. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (төлем кезеңін ұзарту, төлем мөлшерін өзгерту, тағайындаудан бас тарту, төлемді тоқтату) туралы электрондық шешім жобасын дайындайды. Уәкілетті орган (Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) таңдалған атаулы әлеуметтік көмек түрінің және жиынтық табысын есептеудің дұрыстығын тексеріп, жәрдемақы тағайындау жөнінде шешім қабылдайды.

Сонымен қатар, кепілдікті әлеуметтік топтама ұсынылады. Сондықтан аз қамтылған, көпбалалы отбасы болса, аталмыш көмектің барлық түрін алады.

Отбасының жұмысқа жарамды мүшесі жұмысқа орналасудан бас тартса АӘК төлене ме?

– Жұмыспен қамту орталығы еңбекке қабілетті жұмыссыз азаматтарды белсенді жұмыспен қамту шараларына тартып, әлеуметтік келісімшарт түзеді. Лайықты жұмыстан немесе жұмысқа орналасуға ықпал ету шараларынан бас тартқан жағдайда, еңбек қызметін дәлелсіз себептермен тоқтатқан немесе жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатыспаған жағдайда бүкіл отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек төлемі тоқтатылады. Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін ең басты шарт – отбасының жұмыс істеуге қабілетті мүшесі жұмыс істеуі тиіс және өз отбасы үшін жауапкершілігі бар.

Аз қамтылған отбасылардың жұмыссыз азаматтарға бағытталған жұмыспен қамту бағдарламасы пайдаға асуы тиіс. АӘК алушыларға бос жұмыс орындары, жеңілдетілген шағын несие, қайтарымсыз грант және жаңа кәсіпті үйрену ұсынылады. Бұл ретте «Еңбек» бағдарламасына өзгертулер енгізіледі. Яғни, шағын несие бұрынғыдай 5 жыл емес, 7 жылға жылдық 4 пайызбен ұсынылады. Шағын несие сомасы да «ауыл», «қала» деп бөлінбейді. Ал көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды жұмыспен қамту бойынша мақсатты индикаторға жергілікті атқарушы орган жауапты.

Сұхбатыңызға рахмет!

 

Б. ҚОЙТАН

Басқа жаңалықтар

Back to top button