АБАЙ – ДАНА ТҰЛҒА
Мемлекет басшысы 2020 жылдың ең маңызды мерейтойлары мен ірі оқиғалар туралы жариялады. Ол өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – тұрақтылық пен өркендеудің негізі» атты Жолдауында 2020 жылды «Волонтер жылы» деп жариялады. «Еріктілер қызметіне азаматтардың оның ішінде жастардың, оқушылар мен студенттердің қатысуын қадап айтты десек болады. Себебі, олардың бойында өмірлік ұстанымдарға қатысты дағдыны қалыптастыру – маңызды міндеттердің бірі. Ерікті болу – шынайы патриотизмнің бейнесі, өйткені олар өз еліне қызмет етудің игі идеясын, халыққа жақсы және жайлы жағдай жасаулары керек. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында еріктілердің халықаралық корпусын құру идеясын қолдады. Ресей мен Қазақстанның ерікті қауымдастығы көшбасшыларының қатысуымен кеңес құруды ұсынды. Сонымен бірге «Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуын мерекелеу туралы» Жарлыққа қол қойды.
Абай Құнанбаев (1845-1904) – ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі жазба әдебиетінің негізін қалаушы ағартылған либералды ислам негізінде орыс және еуропалық мәдениетпен жақындастыру рухындағы мәдениетті реформалаушы. Абайдың әдеби және эстетикалық мұрасы–қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Абай салған дәстүрлер қазақ ақындары мен прозашыларының жаңа ұрпақтарының шығармашылығында жалғасуда. Қазақ әдебиеттануында Абайтану саласы табысты дамып келеді. Абайдың өмірі мен шығармашылығы Мұхтар Әуезовке 2020 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының кітабы атанған «Абай жолы» эпопеясын жазуға шабыттандырды. Көрнекті ақын-ағартушының шығармалары әлем халықтарының көптеген тілдеріне аударылған.
Қазақты тану үшін Абайды оқу қажет, ал Абайды түсіну үшін азамат болу шарт. Абайды тану – қазақтың өзін-өзі тануының, басы да, соңы да! Абайды тану– Абай айтқан сындардан толық қорытынды шығару деп білеміз. Айдай анық нәрсе, Абай ақын ғана емес, ол өлеңдері арқылы өз халқының төрдегі басын есікке сүйреп келген, басты міндерін батыл көрсетіп берген тұңғыш дана сыншымыз! Өкінішке орай, Абайдың сол әлеуметтік-философиялық өткір сындарын сындарлы сынды қабылдау мәдениетіміздің төмендігі салдарынан әлі күнге толық қабылдап–толыққанды қорытынды шығара алмай жүргенімізді жасырғанмен бәрібір ол кемшіліктен арыла алмаймызғой.
…Біріңді қазақ бірің дос,
Көрмесең істің бәрі бос.
Малыңды жауға
Басыңды дауға
Қор қылма, қорға, татулас…
Әлем әдебиетінде Абай секілді алыптарды танытудың сан түрлі жолы бар. Орыс әдебиеті Пушкинді әлі күнге зерттеп, зерделеп біте алмай жатыр. Бір қуанарлығы біз данышпан Абайдың да сондай қырларына дендеп ене бастадық. Мысалы, Мұхтар Әуезовтың«Абай жолы»эпопеясы нақ орда десек, әлгі жазылып жатқан, жазылатын еңбектер оның көркіне көрік қосатын ақшаңқан отаулар ретінде кең қанат жая береді.
Абай Құнанбайұлының қасиетті қара сөздерінен келер ұрпақ тек ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алатындығы сөзсіз. Қазақ сөзінің киесі қонған бұл қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар, ақыл қосушы.Сондықтан да, біз Абай атаны жадымызда ұстаймыз!
Өз тілшіміз