Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыДін және қоғамҚоғам

ДІННІҢ ШАРУАСЫНА КЕДЕРГІ ЖАСАМАУЫ ТИІС

Экстремизм мен терроризм астарында дін атын жамылған қылмыстық пиғыл жатыр. Сол себепті Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында аудан көлемінде түрлі шаралар өтіледі. Соның ішінде аудандық сот ғимаратында да дөңгелек үстел өткізіліп тұрады.

Еліміздің Ата заңында мемлекетіміз зайырлы ел деп жарияланғанымен мемлекетіміз дін саласына араласып жатыр деп қарсы пікір айтатын адамдар аз емес. Зайырлы деп жарияланған қоғамда дін мемлекет саясатына араласпауы тиіс, ал мемлекет діннің шаруасына кедергі жасамауы тиіс. Дегенмен, мемлекет азаматтық қоғамның жолдары арқылы дінге қатысты ұйымдарға демеу көрсету арқылы экстремистік әрекеттің алдын алу жұмыстарын жүргізіп отырады. Себебі, өкінішке орай, кейбір біздің отандастарымыз рухани ізденіс жолында адасып жатқанын көз көріп отыр.

Немістің әйгілі ойшылы, қаламгер-ақын Йоганн Вольфганг Гёте айтқандай «Өнері мен ғылымы бар адамның діні де бар. Ал егер Сізде бұл екеуі болмаса, Сізде тек ғана дін болады». Яғни айтылған қақтығыстардың себебі бастапқы тәрбиеде жатыр деуге болады.

«Адамдарға білімнен гөрі әдеп пен тәрбие қажеттірек» деген Әли ибн Әбу Тәліп ғұламаның сөзі бар. Елімізде нарықтық экономиканың енді кірігіп, елдің әлеуметтік жағдайы нашарлаған тұста ұрпақ тәрбиесі назардан тыс қалды. Халық рухани тұрғыдан аштықты сезінді. Соның салдарынан қазіргі біздің «миллениалдар» ұрпағымыз біреуі әке немесе ана болып, біреуі аға немесе әпке болып өткен өміріне сыни көзбен қарап көзқарастарын діни қорапқа қаптап, ішкі дүниесі оншалықты өзгертпеген күйі рухани азық іздей бастады. Ал біреулері, керісінше, діннің тек ғана негативті жағын көріп біреудің кесірінен «көпке топырақ шашады». Соның салдарынан қоғамда ессіз фанатизмге  одан әрі кетсе экстремизімге берілген топ пайда болды.

Елбасымыз айтқандай, «Әлеуметтік және этникалық топтар арасындағы келісім – бүкіл қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі». Қоғамымыздағы келісім еліміздегі әр азаматтың көкейіндегі тілегі болғандықтан осы мақсатқа жету үшін «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» көпшіліктің қолдауы қажет.

 

Е. СӘДУАҚАСОВ, Іле аудандық сот төрағасы

Басқа жаңалықтар

Back to top button