ТАРИХИ МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТ
Өткен жыл маңызды және тағдыр шешті қоғамдық-саяси оқиғалар жылы болды. Халықтың даналығы арқасында Қазақстан даму мен жасампаздық жолын жалғастырды. Жаңа 2020 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ел Конституциясының 25 жылдығын атап өту міндеті тұр. «Сонымен бірге, азаматтық жауапкершілік сезімі мен ерікті қызмет ету арқылы өмірді жақсартатын Волонтерлер жылы келе жатыр. Абайдың 175 жылдығы мен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы Ұлы даланың рухани мәдениетінің, ғылымы мен тарихының жаңа қырларын ашады. Келер жылы халықтың әл-ауқатын арттыру үшін бірлесіп күш-жігер жұмсаймыз», — деп биылғы жылға Мемлекет басшысы зор тапсырмалар берді.
Ел тағдырының шешуші кезеңінде Елбасы бар жауапкершілікті өзіне алып, полиэтносты қоғамды басқарудың оңтайлы мүмкіндіктерін іздестірді. Шетелдік тәжірибені және тарихи сабақ болатын жағдайларды есепке ала отырып, қазақстандық
қоғамның жаңа болмысын үлгілеу жолдарын қарастырды. Жоғарыда аталған полиэтносты қоғамды басқару үлгілерінің ешқайсысы қазақстандық дамуға сәйкес келмейтіндігін бағамдап, ұлттық ерекшеліктерді басшылыққа алған өзіндік жол іздестірді. Толеранттылық, ашықтық, қонақжайлық сияқты дала өркениетінің қасиетін бойына терең сіңірген қазақ халқының ұлттық болмысы да осы кезеңде шешуші рөл атқарды. Егемендікке енді қол жеткізіп, ұлттық сана-сезімінің ояну үрдісі жүріп жатса да, қазақтар этносаралық мәселеде салқынқанды даналық танытты. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ этносаралық татулық мәселесі биліктің басты назарына алынды. Этносаяси мәселелер мемлекеттік ұлттық саясаттың өзегіне айналды
2020 жылдың 30 тамызында еліміз айтулы мереке – біздің мемлекетіміздің Конституциясының 25 жылдығын атап өтпекші. Осы 25 жылда біз өзіміздің мемлекетімізді, қоғамымызды құрып келеміз, қазақстандықтардың жаңа буынын тәрбиелеудеміз. Бірақ өскелең ұрпақ тек тәуелсіз Қазақстанды ғана емес, сонымен бірге КСРО құрамында республикаларды да құрылғанын есінде сақтайды.
1990 жылдардағы Конституция бірқатар түзетулерді бастан өтізді. Онда Президенттің орындаушы және басқарушы үкіметтің басшысы болғаны, Министрлер Кеңесі Министрлер Кабинеті болып қайта құрылғаны туралы өзгерістер енгізілген болатын. Дәл осы тұста1991 жылдың 15 ақпанындағы «Қазақ КРО депутаттарының халықтық Кеңесінде жергілікті және жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заңы, 1991 жылдың 10 желтоқсанындағы Қазақ «Кеңестік Социалистік Республикасы» атауының өзгеруі туралы Заңы,
1991 жылдың 16 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңы, 1991 жылдың 20 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңы және. қабылданған болатын.
Қолданыстағы Конституцияны қабылдаған сәттен бастап, 25 жыл ішінде біз өз өмірімізді қайта құрдық. 1990 – жылдардағы құлдыраудан кейін жекеменшікті қорғау құқығына үйрендік, мемлекеттік тілімізді бағалауды үйрендік, мемлекеттік үкіметке сенімімізді ұялаттық. Басқа да көптеген заңдар қабылданды, өзгерді, толықтырылды, күшін жойды және жаңалары қабылданды, бірақ соның бәрі қолданыстағы конституциямызға сәйкес қабылданды және оған қарсыласа алмады. Біздің еліміз әлі жас, мүмкін әлі жылжудамыз, соған қарамастан, біз зайырлы, құқықты, оның құқығы мен бостандығы азаматтардың негізгі құндылығы болып саналатын демократиялық мемлекет құрдық.
А. ТЮПЕЕВА