Аудан жаңалықтарыБес әлеуметтік бастама

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІӘДЕП

Өзгерістерді өзіңнен баста

 

Елбасы Н.Назарбаев 2015 жылы Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам бағдарламасын қабылдаған болатын.

Аталған 5 институттық реформаның ең алғашқысы КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚҰРУҒА бағытталған. Бұл саладағы жұмыстарды орындау бағытында мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында 2015 жылы 29 желтоқсан «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» қабылданып, осы Этика кодексінің талаптарын орындау үшін мемлекеттік мекемелердің жұмысын үйлестіруге жауапты құрылым қалыптастырылды. Қаулы бойынша орталық мемлекеттік мекемелерде және облыс әкімдерінің аппараттарында этика жөніндегі уәкілдердің тәуелсіз лауазымы енгізілді. Қалалық және аудандық деңгейлерде этика жөніндегі уәкілдің функциялары әкім аппаратының жауапты қызметкерлеріне жүктеледі.

Бүгінгі таңда, Әдеп жөніндегі уәкіл институты мемлекеттік мекемелерде өз маңыздылығын көрсетуде. Әдеп жөніндегі уәкілдердің алдында тұрған ең маңызды міндеттердің бірі — ол ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады. Осы мақсатпен олар тұрақты түрде елді мекендерге барып түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мемлекеттік қызметкерлер арасында сауалнама, сондай-ақ, азаматтарды қабылдау өткізеді.

Іле ауданы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі тарапынан 2019 жылдың қорытындысы бойынш Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша 81 түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке консультативтік көмек 176 мемлекеттік қызметкерге көрсетіліп, кент және ауылдық округі әкімдіктері аппараттарының қызметкерлеріне Әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша ауданның 211 — ден астам мемлекеттік қызметшілерге 16 көшпелі дәріс пен семинарлар өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында 14 мақала жарияланды. Республикалық, облыстық және аудандық деңгейдегі спорттық іс-шараларды қоса алғанда, мемлекеттік қызметшілерді мәдени-қоғамдық өмірге тарту жұмысы бойынша – жалпы 9 шара ұйымдастырылды.

Өткізілген семинар — тренингтер мен мәдени-спорттық шаралар бойынша ақпарат «Ile tańy» газетінде, Іле ауданы әкімдігінің Facebook, Instsgram, BK әлеуметтік желілерінде жалпы 45 ақпарат жарияланды.

Бұдан өзге, 2019 жылғы қорытынды бойынша әдеп жөніндегі уәкілдің мемлекеттік қызметшілерімен 8 отырысы өткізілді, отырыс барысында барлық мемлекеттік қызметшілерге әдеп кодексін, мемлекеттік заңнамалардың қатаң сақталуы туралы ескертілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелерде әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында жарты жылда бір рет анонимді сауалнама жүргізіледі. Оған 212 мемлекеттік қызметкер қатысты. Бүгінгі таңда ұжымдарда психологиялық жай – күй тұрақты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін жетілдіру бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңен баста» кіші бағдарламасы аясында, Мемлекеттік қызметшілер үшін еліміздің, өңірдің, мұражайлардың тарихи — мәдени мұрасының ескерткіштеріне, киелі жерлерге экскурсиялар мен келушілерді ұйымдастыру бойынша 3 экскурсия ұйымдастырылды. Аталған шара бойынша Алматы облысының киелі жерлеріне, тарихи-мәдени мұрасының ескерткіштеріне экскурсия жасау бағытында арнайы жоспар жасалынды. 28 сәуір жоспарға сәйкес, Іле ауданының 100 мемлекеттік қызметкерлеріне «Есік» мемлекеттік тарихи — мәдени мұражайына» және Түрген шатқалына, 13 қыркүйек Талғар ауданы, «Жаңалық» елді-мекенінде орналасқан ашаршылық құрбандарына ғана емес, кеңестік заманның 1930-1950 жылдарда жазықсыз жапа шеккен, саяси-қуғын сүргінге ұшы­рағандардың барлығына арналған ескерткішке және 15 қазан Жамбыл ауданы, «Таңбалы» Мемлекеттік тарихи мәдени және табиғи қорық мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Мұндай шаралар мемлекеттік қызметкерлердің ой-өрісін кеңейтіп, теңдессіз тарихи-мәдени археологиялық ескерткіштер және құнды жәдігерлермен танысуға, еліміздің көрікті жерлерін тамашалап, ерекше әсер алуға мүмкіндік туды.

2019 жылдың 12 айлығында 230 тұлға (оның ішінде 176 мемлекеттік қызметкер, 54 заңды және жеке тұлғаға кеңестер беріліп,, Мемлекеттік қызмет саласындағы қабылданған заңдар және Әдеп кодексі бойынша түсініктеме берілді.

Бүгінгі таңда, Алматы облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің 2019 жылғы 4 тоқсанның қорытындысы бойынша қалыптастырылған Әдеп жөніндегі уәкілдердің арнайы рейтингісі жарияланып, Алматы облысының 17 аудан 3 қала әкімдіктерінің арасынан Іле ауданы 2 орынға ие болды.

 

С. ИБРАЕВ,

 Іле ауданының Әдеп жөніндегі уәкілі

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button