Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғам

Тағайындау

Алматы облысы Іле ауданы әкімі Б.Қарасаевтың  11 ақпан 2020 жылғы шешімімен Рымжанов Бақтияр Талғатұлы  аудандық «Іле таңы» қоғамдық-саяси  газетінің директор-бас редакторы қызметіне тағайындалды.

Рымжанов Бақтияр Талғатұлы  1993 жылы ШҚО Үржар ауданында дүниеге келген. Алматы заң колледжін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2012-2015 жж.  «Оңтүстік Астана» ТРК» АҚ-да қызмет етіп бастаған. 2015-2016жж. «Шындығы сол» ток-шоуының редакторы, «Өмір-дастан» бағдарламасының жүргізушісі, «Тура жол» бағдарламасының редакторы, Жаңалықтар қызметінің тілшісі, 2016-2017жж. «Хабар» агенттігі АҚ, бағдарламалар өндірісі дирекциясының редакторы, 2017 жылы ҚР маслихаттарының құрметті депутаты, Алматы қаласы қоғамдық кеңесі мәдени саясат комиссиясы төрағасының баспасөз хатшысы, көмекшісі, 2017-2018 жылдары «Қарекет» әлеуметтік бағдарламасында редактор, 2019 жылдан  «Жетісу Медиа» КММ, Аудандармен жұмыс бөлімінің маманы қызметімен қатар Алматы облысы Іле ауданы әкімінің баспасөз хатшысы қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button