МӘМС бойынша қаңтардаәлеуметтік медсақтандыру қорына түскен жарналар
2020 жылдың қаңтарында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша жарналар мен аударымдар ретінде 34,2 млрд теңге төленді.
Жарналардың көп бөлігі мемлекет тарапынан төленді — 24 млрд теңгеден астам (жеңілдігі бар 15 азаматтар санатттарына бағытталған жарналар).Жұмыс берушілердің аударымдары 9,4 млрд теңгені құрады, қалған азаматтардың жарналары 770 млн теңгеден асты.
Өңірлер арасында ең көп сомалар Алматы (1,8 млрд теңге) және Нұр-Сұлтан қалаларынан (1 млрд теңгеден астам) және Қарағанды облысынан (800 млн теңге) түсті.Ең аз түсімдер Батыс Қазақстан (309 млн теңге), Қызылорда (271,8 млн теңге) және Солтүстік Қазақстан (231,5 млн теңге) облыстарында тіркелген.
МӘМС бойынша барлық төлемдер ҚРҰлттық банкіндегі Қордың ағымдағы шотына аударылады.Кейіннен қаражат Қордың жеткізушілерінің — медициналық ұйымдардың көрсеткен медициналық қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалады.
Өз кезегінде Қор, 2020 жылға жасалған келісімдерге сәйкес, үстіміздегі жылдың қаңтарында медициналық ұйымдарға МӘМС қызметтерін көрсету үшін 35 млрд теңгеден астам соманы аванстық төлем түрінде жіберді.
Анықтама
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізумен 2020 жылы денсаулық сақтау жүйесінің бюджеті шамамен 1,6 трлн теңгені құрады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы