АУДАНЫМЫЗҒА ТАҒЫ ДА БІЛІМ ОШАҚТАРЫ САЛЫНАДЫ
Апта басында аудан әкімі Б. Қарасаевтың қатысуымен кезекті аппарат жиынында аудандық білім бөлімі басшысы Л. Каткеева аудан көлеміндегі білім-ғылымның қазіргі хал-ахуалымен таныстырып, өз есебін берді. Есепті сәтте аудан әкімі айтылған ұсыныстар мен бірқатар шешімін таба алмай келе жатқан мәселелерге нақты тапсырмалар берді. Оның ішінде қазіргі кезде қоғам болып талқыланып жатқан ұлттық бірыңғай тестілеу, үш ауысымды мектептердің алдын алу бойынша жаңадан бой көтеретін мектептердің құрылысы, аулалық дәретханаларды жою туралы ұсыныстар мен мектеп ішіне дәретхана салу жобаларын талқылап және басқада тапсырмаларды табыстады.
Ауданымыздағы орта мектептердің күрделі жөндеу және ағымдағы жөндеу жұмыстарынан бастасақ.
Өткен жылы Аудан мектептерінен № 15 ,№ 9 орта мектеп күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, № 10 орта мектебінің спорт залында белеске шығу тренажері салынды.
Ал, 2020 жылы Жетіген ауылындағы № 3 орта мектептің шатырымен Боралдай ауылындағы «Әдемі», Энергетик ауылдық округіндегі «Қуат» балабақшаларына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылуда. Жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.
№ 11, 2, 14 орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Ауданда тағы 30,25,20,1,16,29, мектептерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Бюджеттік өтінім жолданған. Тағы да ауданымыздағы 31, 28 мектеп гимназиясының аумағында дренаж, 38 мектеп гимназиясының жер төлесінде орналасқан ТИР-ді жөндеу үшін конкурс жариялауға құжаттар рәсімделуде.
Аудандағы 48 орта мектептің барлығында сыртқы және ішкі дәретханалар жағдайы қанағаттанарлық. 8-де (1,29,33,30,23,25,41,8) дәретхана сыртта орналасқан. Мектепті жобалау құжаттамасында ішкі дәретхана қарастырылмаған. Барлық мектептерде ішкі дәретхана салу үшін нақты жұмыстар жүргізілуде. Білім беру мекемелерінің жылыту түрлері- 57 , оның ішінде : сұйық отынмен – 17 объект, көгілдір отынмен жылыту-29 объект, орталық жылу жүйесі арқылы-10 объект, қатты отынмен-1 объект бар.
Тағыда Ұлттық бірыңғай тестілеу туралы.
Аудан бойынша биылғы оқу жылында 1680 түлек мектеп бітіреді. Оқыту тілі бойынша — 1228 қазақ, 452 орыс тілінде, 9-сыныпты 4094 бітіреді, оның 3003 қазақ тілінде, 1091 орыс тілінде.
Аудан бойынша былтырғы оқу жылын білім сапасы 67,4 пайыз, үлгерім 100 пайыз, аудан бойынша биылғы IІ тоқсанда білім сапасы 66,5 пайыз болды. Негізгі жоспарда оқушылардың білім сапасын 70 пайызға өсіру болып отыр. Ұлттық бірыңғай тестілеуде ешқандай өзгеріс болмайды. Өткен жылы қалай тапсырды солай өтеді. Болжам бойынша 1216 түлек ҰБТ тапсыруға ниет білдіріп отыр. Қатысу пайызы 773% құрайды. Оның ішінде 996 қазақ тілінде, 220 орыс тілінде. Қорытынды аттестаттауға және ұлттық бірыңғай оқу жылының басынан түлектермен және ата-аналарымен мектеп директорларының оқу-ісі жөніндегі орынбасарларымен, техникалық хатшыларымен аудандық семинарлар өткізіліп тұрады.
Ендігі ақпарат үш ауысымды мектептерді жою туралы жоспарымен таныстырсақ.
Жаңа 2019-2020 оқу жылының басында барлық оқушы саны – 60615, оның ішінде мемлекеттік мектептерде- 59828 оқушы, кешкі мектепте-192 оқушы, жекеменшік мектептерде -595 оқушы. Өткен оқу жылында 13 мектеп үш кезеңде оқиды олар 4,9,14,15,17,18,19,20,23,25,29,34,44 орта мектептер. Үшінші ауысымда оқитын бала саны 2402. Былтырғы жылмен салыстырғанда аудан халқының саны 8000 адамға өскен,
№34 орта мектеп ғимаратына қосымша 300 орындық ғимараттың құрылысы жүргізіліп, тамыз айының соңында пайдалануға берілді. № 19 орта мектепке 300 орындық жапсаржай құрылысы жүргізілуде.
Үш ауысымды мектептерді жою үшін келесідей жұмыстар жүргізілуде.
2020 жылы қаңтар айынан Боролдай кентінде 300 орындық, Жапек батыр ауылында 900 орындық, Қосөзен ауылында 600 орындық, Қараой ауылында 900 орындық мектеп құрылысы басталды. Жаңаталап ауылында 600 орындық, Көкқайнар ауылында 1200 орындық, Боролдай кентінде 1200 орындық, Түймебаев ауылында 600 орындық, Байсерке ауылындағы № 9 орта мектепке 550 орындық жапсаржай жаңа мектеп құрылыстарын жобалау-сметалық құжаттама дайындалуда.
Сонымен қатар Қоянқұс ауылында «Гейт сити» ықшам ауданында 600 орындық Междуреченск ауылы, «Шабыт» ықшам ауданында 600 орындық Еңбек ауылында 450 орындық Әли ауылындағы № 22 орта мектепке 300 орындық жапсаржай салуға Комсомол ауылындағы № 31 орта мектепке 600 орындық жапсаржай салуға, КазЦик ауылындағы № 6 орта мектепке 600 орындық жаспсаржай салуға, Байсерке ауылында 1200 орындық мектеп құрылысына, Боралдай кентіндегі № 40 орта мектепке 600 орындық жапсаржай салуға,Өтеген батыр ауылында 1200 орындық мектеп құрылысына мектеп құрылысын жүргізу үшін жобалау сметалық құжаттама дайындауға сұраныс берілді.
Өз тілшіміз