Без рубрики

БІЗ 7312 БАЛАНЫ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТАМАССЫЗ ЕТІП ОТЫРМЫЗ

 

 

Ауданымызда  оқушыларды  ыстық тамақпен қамту бойынша аудан көлемінде арнайы сарапшы-мониторинг тобы өз жұмыстарын жүргізіп жатыр. Комиссия құрамында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының консультанты О. Аиқынбаев, аудандық мәслихат депутаты С. Нұрғисаева, аудандық білім бөлімінің бас маманы Қ. Сарсенбаева және мемелекеттік емес ұйымдарымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлерді қолдау орталығының мамандарынан құралған коммиссия құрамы аудан көлеміндегі орта мектептердің ыстық тамақпен қалай қамтылып жатқанын және асханалардың жұмыстарымен танысты.

Жалпы ыстық тамақпен аудан мектептерінде 53700 оқушы қамтылған, яғни барлық оқушылардың 95,8 пайызын құрайды

Оның ішінде «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыру ұсыну» Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тегін ыстық тамақпен 7312 бала қамтылған. Тегін ыстық тамақпен қамтылған балалар санаты  110 ата-анасыз қалған бала, 72-кі ата-ананын қамқорлығынсыз қалған бала, аз қамтылған отбасы – 806 бала, көпбалалы отбасы – 5483 бала, толық емес отбасы – 841 бала

Осы санаттағы отбасы балалары мемлекеттік қызмет стандарты бойынша құжаттарын ресімдей алмаған аз қамтылған отбасы, көпбалалы отбасы балаларына асхананы жалға алушы кәсіпкерлер тарапынан тамақтанады, олар аудан бойынша 542 бала ыстық тамақпен қамтылып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button