Бес әлеуметтік бастамаБілім және ғылымҚазақстан жаңалықтарыҚоғамМәдениетМерекелерРухани Жаңғыру

АҚЫН ҚҰРМЕТІНЕ

Биыл қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғнына 175 жыл толып отыр. Осы айтулы мерекеге біздің №9 орта мектеп оқушылар арасында Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін жатқа айту эстафетасы өтті. Кітапханада оқырмандар арасында Абай оқуларынан поэтикалық марафон өтті. Абайдың шығармаларын жан-жақты ұлықтаудың тағылымды шаралары ел арасында кеңінен тарала бастады. Ұлы Абай – қазақтың ұлттық болмысы, бет-бейнесі. Абай мен қазақ бүгінде егіз ұғымға айналды. Қазақтың кемеңгері, ғұламасы, ақыл-ойдың қол жетпес мұнарасы Абай атамызды біз Пайғамбарға теңейміз. Ол кісі діннің емес, ділдің, тілдің,поэзияның Пайғамбары. Біздің ұлтымыз, қоғамымыз соңғы ғасырдың көлемінде қандай жетістіктерге қол жеткізсе, соның барлығында Абай атамыздың үлесі бар деп айтуға болар еді. Парасат, пайым, адамгершілік, ізгілік, иман, қайырымдылық, мейірімділік дейтін ізгі ұғымдардың барлығы да ананың сүтімен, әкенің тәрбиесімен қоса, осы Абайдың жырымен ұрпақтың қанына еніп, жанына дарып жатыр деп айтар едік.Абайдың шығармалары әлемнің 10 тіліне жаңадан аударылмақшы. Бұрынғы 125, 150 жылдығында басқа тілде шыққан кітаптары бар. Десе де, ол кезде Абайды бір ғана орыс тіліне аударған. Енді әрбір шет тілдеріне тікелей қазақ тілінен аудару қолға алынып жатыр. Ал, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарияланғаннан кейін де абайтану мәселесі айтарлықтай серпін алып келеді. Ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла,талап қыл артық білуге» деген өнегелі өсиетін осы тұрғыдан ұғынуымыз қажет», — деп ғылым алдындағы жауапкершілік пен мақсатты Абай ілімінен таратып, жаңа міндеттер қойып отыр. Президент мақалада айтқан көптеген тұжырым гуманитарлық, фундаменталды ғылымның таяу жылдардағы мемлекеттік бағдарламалары мен ғылымыи-мәдени, жобаларына арқау болатыны сөзсіз. Абай ілімі қай заманда да қажет өйткені хакім Абай өмірді, қазақтың бар қасиетін зерделеген адам. Абай ұлтын шексіз сүйетін ұлы тұлға. Абай философиясы – жаңашылдықтың жаршысы. Ол қоғамды серпіп, жаңғыртып отырады.Сондықтан да Абай мұрасы ХХІ ғасырдағы Қазақстан қоғамы мен оның берекелігі үшін аса құнды.

Б.САРЖАНОВА,

 № 9 орта мектептің кітапхана меңгерушісі

Басқа жаңалықтар

Back to top button