Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғамМәдениетМерекелерРухани ЖаңғыруҰлы даланың жеті қыры

АДАЛДЫҚ– АБАЙДЫҢ КӨЗІМЕН

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Antikor ortalyǵy» сервистік  ғимаратының алаңында«Парасаттылық — Абай көзімен» атты Адалдық сағаты аясында әдеби кеш өткізді.

Ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған іс- шараның мақсаты өскелең ұрпақтың бойында жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, адалдық, парасаттылық қағидаларын тәрбиелеу және мәдениет деңгейін арттыру болып табылады.

Департамент басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин жастарға өткізілген іс — шараға белсенді қатысқандары үшін алғысын білдіріп, ұлы ақынның көптеген шығармалары рухани және патриоттық тәрбиеге, адал және парасатты өмір салтын қалыптастыруға, өзін- өзі дамытуға және құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған болғандықтан, Абай шығармашылығы мен мұрасы-баға жетпес екенін атап өтті.

Қазақ ойшылы «Қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қалып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен…» деген сөздерін айтып, өз заманының мінезін қатаң айыптаған.Абайдың Қара сөздерінен алынған бұл ойлар,бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтпай,қоғам үшін аса маңызды болып табылады.Мен сіздерді ешқашан өз адамгершілік қасиеттерінен шегінбеуге және кез келген жағдайда адамның қадір-қасиетін сақтауға шақырамын», — деп атап өтті жастарға арнаған сөзінде Арман Бердалин.

Адалдық сағаты еркін форматта өтті,онда кеш қатысушылары қазақтың ұлы ақыны ақындық шығармашылығымен танысып, кітаптарында жазылған рухани және адамгершілік құндылықтар мен мәдени дәстүрлер туралы дана ой- пікірлерімен бөлісті.Сондай-ақ, сервистік орталық ғимаратында М. Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қызметкерлерііс- шараныңқатысушыларына Абай кітаптарының тақырыптық көрмесін ұйымдастырды.

Сонымен қатар, осы күні Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеу аясында Көкшетау қаласының барлық мектептерінде«Адалдық сағаты» өткізілді.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button