ӘКІМДЕРМЕН КЕҢЕЙТІЛГЕН СЕМИНАРДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС — ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
«Көкшетау» мәдениет сарайында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, сондай-ақ аймақтың барлық деңгейдегі әкімдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатысуымен әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелері бойынша кеңейтілген семинар-кеңес өтті.
Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев сөз сөйлеп, семинарға қатысушыларды өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүргізіліп жатқан шаралар туралы хабардар етті.
Департамент «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, аймақтық Арнайы мониторингтік топ және Ақпараттық-ағарту штабының қоғамшылдарымен бірлесіп, сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Сонымен қатар, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшысы мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту бойынша іс-шараларды жүргізуіне қатысты өзекті мәселелерді атап өтті.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында барлық деңгейдегі әкімдер мен мемлекеттік органдардың басшылары сервистік әкімдіктердің ашылуын, «Open space» форматындағы кеңселердің тиісті жұмыс істеуін, «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы бойынша ақпаратты уақтылы жаңартуды, әкімдіктер жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия отырыстарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауларын міндетті түрде қарауды, бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялана отырып, профилактикалық іс — шараларды тұрақты негізде өткізуді қамтамасыз етуі қажет», — деп атап өтті өз сөзінде Мұрат Төлеубаев.
Сондай-ақ, семинар-кеңес барысында облыстың басқа да мемлекеттік органдарының басшылары түрлі мәселелер бойынша баяндамалар жасады .
Іс- шара соңында облыс әкімі мемлекеттік органдардың өңірдің әлеуметтік және экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде сервистік әкімдіктер мен «Open space» форматындағы кабинеттердің ашылуын және жұмыс істеуін сапалы ұйымдастыруға баса назар аударып, жергілікті деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша тиісті шараларды күшейту қажеттігін атап өтті.