Басты ақпаратҚазақстан жаңалықтарыҚоғам
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады
![](https://ile-tany.kz/wp-content/uploads/2020/06/takvev-22-1.jpg)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады. Құттықтауын Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Елтаңба, Ту, Әнұран – Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі, бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі. Біз халқымыздың мүддесін қорғайтын күшті, беделді мемлекет құру жолында биік белестерге бірге жетеміз»,-деп жазды ҚР Президенті.