Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпарат

Терроризм мен экстремизмге жол жоқ

Діннің негізгі мақсаты — барлық адамгершілік қасиеттерді сақтау және оларды дамыту, адамның «бет-бейнесін» сақтап қалуына көмектесу.

Бүгінгі әлемнің, оның ішінде қазіргі Қазақстанның міндеті – жалпыадамзаттық, гуманистік және толеранттылық құндылықтарды, конфессияаралық келісім, диалогты ғасырлар бойы әлемдік және дәстүрлі діндердің енгізген принциптері мен қағидаларын жалпы әлемдік, адамзаттық өркениеттегі бейбітшілікті сақтау. Экстремизмге қарсы тұрудың бірден-бір жолы олар – туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл жерде, әрине, күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. Әйтсе де, жасөспірім балалар үшін ақпарат құралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес. Секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Ол үшін барлық мектептерде «Дінтану» сабағында терроризмге қарсы күрес комиссиясы мамандары қауіпсіздік дәрістерін өткізіп, терроризмдік бағыттағы ұйымды қалай білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп отырулары тиіс.

Дәстүрлі емес діни ағымдардың негізгі белгілері қандай? Жақынын жат ағымның жетегінен құтқарғысы келетін адамдар қайда жүгінуі керек?

Жат діни ағым туралы айтқанда негізгі белгілері ретінде сыртқы атрибуттарға емес, адамның санасына мән бергенді жөн көремін. Өкінішке қарай, кейде сақалмен, киіммен, балақпен күресіп кетіп жатамыз. Мәселенің түп-төркініне үңілетін болсақ, оның сақалды солай сала құлаш қылып өсіруіне санасы итермеледі. Балағын қысқартуға да көкейінде тұрған сенімі апарды. Сондықтан, ең бірінші, адамның сенімімен, түйсігімен жұмыс істеу керек. Егер бір кісі жат ағымның жетегіне түсіп кетсе, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы өзгереді. Ғасырлар бойы бірге жасасып келе жатқан діни ұстанымымыз – Әбу Ханифа мазхабы ақидасын ұстанып, осы дәстүрлі жолды жалғастырып келе жатқан Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының жұмыстарын, имамдардың айтқандарын жоққа шығара бастайды. Имамдарды тыңдауға құлқы соқпайды, оларды қолдап сөйлегендерді ұнатпайды. Себебі жат ағымдар олардың санасына, алдымен, мешіттегі жұмысқа, имамдарға, діни басқармаға қарсы түсінік береді. Сол себепті, жақыныңыздың жат ағымда жүргеніне күмәндансаңыз, мешіт, имамдар туралы ойын сұрап, білуге болады. Содан кейін үйдегі қарым-қатынасқа да селкеу түсе бастайды. Құранда: «Ата-ана сені қылмысқа итермелесе, олардың айтқанын жасама, бірақ оларға қызмет етуіңді, жақсылық жасауыңды тоқтатпа» — дейді. Жат ағымға еліктеудің алдын алу үшін ата-ана баласын күнделікті қадағалауы керек. Жаман ауруды бірнеше деңгейге бөліп қарағандай, жат ағыммен улануды да төрт деңгейге бөліп қарасақ, алғашқы екі деңгейде олардың бетін бері қайтару мүмкіншілігі жоғары. Бала дінге енді бет бұрып, уағыз тыңдап, кітап оқуды бастаған кезде, оның дұрыс емес жолда екенін ескертсе, қоя салуы мүмкін. Ал, үшінші, төртінші деңгейге өтіп кетіп, жат ағым өкілдерінің айтқанын санасына түпкілікті құйып алса, «басқаларыныкі қате» деген сенімді көкейіне орнатып алса, оны қайтару қиын. Оған не айтсаң да, қабылдамайды. Сол себепті де алғашқы улану белгілерін байқаған бойда, әрекетке көшу керек. Ол үшін үнемі баланың кімдермен араласып, кімдерді тыңдап жүргенін бақылауда ұстау керек.

Іле ауданы әкімі жанындағы терорризмге қарсы комиссиясының терорризмнің алдын алу, сондай-ақ терорризм актісі салдарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі 2020 жылғы жоспары бойынша Междуреченск ауылдық округі әкімдігі тарапынан 1-тоқсандық іс-шаралар жұмысы округте орналасқан мекемелер ұжымдары, орта білім беру мекемелері, ҚР Қорғаныс күштеріне шақырылушы азаматтар мен мешітке келуші жамағаттар және діни бірлестіктер арасында терроризмге қарсы жұмыс туралы кездесулер, дөнгелек үстелдер, теолог мамандарымен семинарлық жұмыстар жүргізіп, көп қабатты үйлерге терорризм актісі жасалған немесе қауіп төнген жағдайда, төтенше жағдайларда іс-қимыл туралы тақтайшалар және ҚР қылмыстық кодексінің 273 бабы туралы тақтай- шалар ілінді. Аз қамтылған 20 отбасыға 21 тонна 400 килограмм көмір таратылып, 3-отбасыға отын түсіріліп көмек көрсетілді. Тұрғындарға терорризмге қарсы іс-қимыл бойынша 400-ге жуық терроризм мен экстремизмге қарсы үндеу парақшалары таратылып, түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Қ. ЖУМЕКЕНОВ,
Междуреченск ауылдық
округі әкімінің бас маманы

Басқа жаңалықтар

Back to top button