Аудан жаңалықтарыБасты ақпарат

БЛОКПОСТ СЕНІМДІ ҚОЛДА

ІНДЕТТІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫНДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ЕЛ ҮМІТІН АҚТАДЫ.

Республика көлемінде коронавирус инфекциясы бойынша жарияланған төтенше жағдайға байланысты Іле ауданы бойынша жалпы 12 блок-бекеттер қойылды. Қабылданған шаралар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, пандемиялық вирустың елдің өзге аймақтарына таралуына жол бермеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Атап айтсақ Алматы қаласымен шектескен 6 блок-бекет, олар Покровка ауылында қойылған Радар, Қапшағай тас жолы бойындағы «Газпромнефть», Алматы қаласымен шектескен Қоянқұс ауылындағы, Ашыбұлақ ауылына қарасты ЖБИ айналмалы жол, Боралдай ауылы 2177 әскери қалашығы қасындағы, Боралдай ауылы Жаужүрек көшесі бойындағы, ауыл және аудан арасындағы 6 бекеттеріміз қалтықсыз қызмет етті. Блок-бекеттерге Іле аудандық полиция басқармасының жеке құрамынан 98 қызметкер жұмылдырылды.

Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттік орган белгіленген режимді бұзған 361 адам әкімшілік жауапкершілкке тартылды, 359 материал әкімшілік сотқа жолданып, 356 сотпен қаралды және 119 адам әкімшілік қамауға алынып, 86 адамға айыппұл салынды, 129 адамға ескерту жарияланды.

Төтенше жағдай кезінде блок-бекеттерден 111 826 автокөлік, сонымен қатар 128 193 азаматтар тексеріліп өткізілді.

Блок-бекеттерде күн демей, түн демей қызмет атқарып, халықтың тыныштығын күзетіп, індеттің таралмауына ат салысып, тәртіп сақшыларының жұмысына кедергі келтірмеуге ықпал етіп, терең түсіністікпен қабылдағандары үшін аудан жұртшылығына алғысымызды білдереміз.

Блок-бекеттерде өздерінің қызметтерін адал атқарғаны үшін, қызмет атқару барысында елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға қосқан үлесі үшін Алматы облысы әкімінің, Алматы облысы ПД бастығының, Іле ауданының әкімінің құзырымен Іле аудандық полиция басқармасының бірнеше  қызметкерлер марапатқа ие болды.

Іле аудандық полиция басқармасының қызметкерлері әкімшілік аумағында күнделікті халық арасында түсіндіру жұмыстарын әліде жүргізуде және төтенше жағдай қызметкерлері мен жергілікті әкімшілікпен бірлесе отырып полиция қызметкерлері халық арасында көпшілік жиналатын орындарда бір-бірімен кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау және барлық жерде, оның ішінде қоғамдық көлікте бетпердесіз жүруге болмайтыны туралы және ауданымыздағы суға шомылу орындарына шомылуға тыйым салынғаны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button