Аудан жаңалықтарыБасты ақпаратБоралдай кенті

ЖОЛЫМЫЗ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

Боралдай ауылдық округінде «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» және аймақты дамыту бағдарламасы бойынша 1500 шаршы метр аудандық маңызы бар және ауылішілік жолдың құрылысын қарқынды жүзеге асыру жоспарланған болатын. Қазір Боралдай кентінде «Каз МБА» мен «Хадид» жауапкерлігі шектеулі серіктестіктері соңғы екі аптада 7,5 шақырым жолды еңсерді. Олардың құрамында тұрғылықты тұрғындардан 35-40 адам маусымдық жұмыс жасайды. Міне осы екі компания қазіргі таңда ауыл жолдарын жаңартып, ауыл ажарын ашуда. Ол үшін аудандық бюджеттен 117 млн 905 теңге қарастырылған. Нәтижесінде ауылдың тұрғылықты тұрғындары
жұмыспен қамтылды.

Ауылдық округі әкімі Д. Төлеуханұлы: «Ауылішілік жолдардың құрылысын сәуір айынан бастап қолға алдық, округіміздегі Самал, Шымбұлақ, Астана көшелеріне құм-тас төселді. Енді Ақбұлақ, Овражная, Первомайская, Солнечная, Тынышбай, Шоқанова көшелеріне асфальт төселмек Көшеге төселетін асфальттың сапасын қатаң тексеруден өткізіп жатырмыз», — деді.

Жайнақ пен Водник ықшам аудандарында жол салу толығымен аяқталуға жақын. Белгіленген жоспар аясында жұргізілген жұмыстардың 70 пайызы орындалған. Ал тұрғындар болса, сан жылдар бойы шұрық тесік көше жолдарының жөнделіп жатқанына дән риза.

«Водник» ықшам ауданының тұрғыны Роза Нүсіпова: «Соңғы рет жолымыздың күрделі жөндеуден қашан өткені есімде жоқ. Қазір барлығы жөнделіп жатыр. Өте қуаныштымыз», — деп атқарылып жатқан іске оң бағасын беріп, тақтайдай жолмен жүретініне қуанышын жасырмады. Ал, Боралдай округ әкімі аппаратының бас маманы Бекмырза Ілиясұлы: «Бұл — жұмысымыздың қызған уақыты. Біз үшін жолымыз сапалы болуы және халқымыздың разылығын алу маңызды. Осындай жағдай жасап жатқан үкіметімізге алғыс айтамын», — деді.

Айта кетейік, жол жөндеу жұмыстарына жұмысшылар «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында аудандық жұмыспен қамту орталығынан жұмыссыздыққа тіркелгендердің қатарынан тартылып отыр.

Б. ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button