Басты ақпаратБілім және ғылымМәдениетРуханиятТұлға

Ұлы халықтың Ұлы Абайы

Руханият

Қазақ халқының ұлы ақыны, қара сөздің хас шебері, философ, қазақ әдебиетінің іргетасын қалаған алғашқы классигі Абай Құнанбаевтың мерейтойы қарсаңында «Ұлы халықтың Ұлы Абайы» секілді көптеген тақырыпта ақын шығармаларын оқу челлендждері мен жарыстар ауданымыздағы кітапханаларда және білім ордаларында онлайн түрде өткізілуде. Абай Құнанбаев текті отбасынан шыққан. Әжесі Зере мен анасы Ұлжанның тәрбиесінде болған Абайдың шығармашылық пен поэзияға деген қызығушылығы ерте оянды. Екі анасы да ұлдарын халық мүддесі үшін адалдыққа, адамгершілікке тәрбиеледі, қатыгездікке, қателікке жол бермеуіне ықпал етті. Осы екі әйелдің ұлылығы – олардың Абайды өсіріп қана қоймай, сонымен қатар, оның еңбектері мен жеке тұлға ретіндегі рухани-адамгершілік өміріне оң әсер етуінде. Жас Абайдың келесі тамаша ұстазы – қазақ халқы. Абай шешендік өнердің үлгілерін, адамдар өмір сүретін әдет-ғұрыптар мен ережелерді, жеке адамдар арнасындағы және руаралық күрделі әрі даулы мәселелерді әділ шешудің жолдарын игеруге ұмтылды.

Сурет: Ашық дереккөзден

Абайдың алғашқы өлеңдерінің ішінде шығыс классикалық поэзиясының әсерімен жазылған лирикалық өлеңдер, халық поэзиясы стилінде, сол кездегі суырыпсалма ақындардың шығармашылығы үлгісінде жазылған таңғажайып өлеңдері бар. Ақын 170-ке жуық өлең мен 56 аударма және нақыл сөздер жазған («Қара сөздер»). Ол қазақ поэзиясына жаңа өлшем, рифмалар мен поэтикалық формаларды енгізді. «Ескендір» поэмасы Аристотельдің бейнесі мен басқыншы Александр Македонскийдің ашкөздігіне қайшы келеді. Ақын үшін саяси құрбандар Е . П. Михаэлис, Н. Долгополов, С. Гросстармен кездесуі маңызды оқиға болды. Абайдың дүниетанымының қалыптасуына шығыстың ақындары мен ғалымдары — Фирдоуси, Әлішер Науаи, Низами, Физули, Ибн Сина, сондай-ақ батыс классиктерінің еңбектері әсер етті. Ол И. А. Крылов, М. Ю. Лермонтов, Гете және Байрондардың шығармаларын қазақ тіліне аударды. Ол әлемдік мәдениетпен философияға ерекше қызықты. Абай Құнанбаев, сонымен қатар, талантты композитор болған. Оның ел ішінде кең танылған «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» сынды классикалық әндері бар. Ақын ХІХ-ХХ ғасырдың жаңа қалыптасқан қазақ ұлттық зиялыларына үлкен әсер етті. Алаш Орда қозғалысының жетекшілері Абайды қазақ ұлтының қайта өркендеуіндегі рухани көшбасшы ретінде қабылдады. Әлихан Бөкейханов Абайдың алғашқы өмірбаяншысы болды. Ұлы Абай шығармашылығына жазушылар, әдебиеттанушылар, лингвистер, философтар, психологтар жүгінеді. Оның туындылары жас ұрпақты өз халқына қызмет етуге шақырып, білімге деген ұмтылыстарын шабыттандырады. Абайдың әдеби-эстетикалық мұрасы – қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Ақын өлеңдері әлем халықтарының көптеген тілдеріне аударылған.

Абай Құнанбаев 1904 жылы 23 маусымда қай- тыс болды. Жидебай жазығында, Шыңғыс тауының маңында жерленді.

Ұлы Абайдың құрметіне әдебиет саласында Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы тағайындалды. Республикада және шет елдерде қала, әкімшілік орталықтары, көшелер, театрлар, кітапханалар, мектептер мен алаңдар ақынның есімімен аталады. Абайдың туған күніне орай жыл сайын түрлі іс шаралар: әдеби-сазды кештер, кітап көрмелері ұйымдасты- рылып, ғылыми конференциялар өтеді. Сонымен қатар, ақын өлеңдері оқылып, ескерткішіне гүл шоқтары қойылады.

Үстіміздегі жылы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай, Абайдың дүниетанымын және оның рухани мұрасын жастарға кеңінен насихаттау мақсатын- да ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ-дың қолдауымен Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай үлкен мерекелер өтуде.

Н. САБАҚАНОВА

Басқа жаңалықтар

Back to top button