Қызметшінің міндеті
23 Маусым - Мемлекеттік қызметкерлер күні
Мемлекеттік қызметші – халық пен қоғам арасын жалғастырып отырған алтын көпір. Халыққа, жалпы қоғамға сапалы қызмет көрсету әрбір мемлекеттік қызметшінің парызы. Мемлекет басшысы бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілерге үлкен сенім артып, тың міндеттер жүктеп отыр.
Мемлекеттік қызметкердің мәдениеті, әдеп кодексін сақтауы халықтың алдында мемілекеттік қызметке деген оң көзқарас қалыптастырады. Мәдинет латын тілінен аударғанда «Cultura» бағалау жүйесі, салт- дәстүр, әдеп нормасы сан жылдар бойы жиналған ұрпақтан ұрпаққа және адамзаттың қарым-қатынасы деген мағынаны білдіреді. Жаһандану жағдайында жаңа заманның талаптары Үкімет қабылдайтын шешімдердің сапасын арттыру мәселелерінің өзектілігін күшейтті.
Әлеуметтік-экономикалық және индустриалды-инновациялық даму бағдарламаларының тиімділігі мен табыстылығы көбінесе мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігімен анықталатындығын ескере отырып, мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау кадрлық саясатты жаңғырту мен жетілдіруге бағытталған. Қазіргі таңда халқымыздың мүддесі, қажеттілігі, талап-тілегі барынша ескерілген ұлт жоспарының басым бағыттары, негізгі қадамдары өз деңгейінде орындалып келеді.
Мұның айқын мысалы, мемлекеттік кәсіби аппа¬рат құрылды, есеп беретін мемлекет қалыптасты, заң үстемдігін қамтамасыз етілді. Бес институттық реформаны жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамның алғашқы 15 қадамы кәсіби мемлекеттік аппарат құруға бағытталып, қазіргі уақытта жүзеге асырылуы қарқынды жүргізілуде. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бастауы мен өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істеуде.
Междуреченск ауылдық округінде 1424, 1414 «сенім байланыс» телефондары бойынша билборттар ілініп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мекемелер қызметкерлері мен тұрғындар арасында дөнгелек үстелдер, семинарлық кездесулер, 1424 «сенім байланыс» телефоны туралы 500 астам парақшалар таратылып, түсіндіру жұмыстары атқарылды.
К. ЖУМЕКЕНОВ,
«Междуреченск ауылдық округі
Әкімі аппараты» ММ, бас маманы