Аудан жаңалықтарыМәдениетМерекелер

ҚАЛТҚЫСЫЗ ҚЫЗМЕТТЕРІҢІЗ — ХАЛЫҚҚА!

Іле ауданының әкімі, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бағдат Қарасаевтың құттықтауы

Құрметті, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Азаматтардың рухани дүниесі мен денінің саулығы – мемлекеттің басымдық беріп отырған маңызды міндеттерінің бірі. Дені сау ұлт қана Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы қойылған міндеттерді жүзеге асыруға қабілетті болады.

Қай қоғамда болмасын адамзат үшін ең қажетті, ең киелі екі мамандық иесінің бірі – дәрігер десек, тәжірибелі де білімді дәрігер – нағыз құнды маман. Өйткені, денсаулықтан артық бұл жарық дүниеде қазына-байлық жоқ. Оған мына әлемді жайлаған пандемия кезінде де көзіміз анық жеткендей. «Медицина қызметкерлерінің күні» – денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінің ғана мерекесі емес, ол – бүкілхалықтық мейрам. Өйткені, әр адам үшін оның денсаулығы мен өмірінен артық құндылық жоқ.

Орасан зор еңбектеріңіз ең жоғары құрметке лайық, сіздер атқарушы билік тарапынан да, тұрғындар тарапынан да үлкен алғысқа бөленіп келесіздер. Аудан әкімдігі денсаулық сақтау саласы мен осы салада жемісті еңбек етіп жүрген қызметкерлерге әрдайым қолдау көрсетіп келеді.
Ардақты ақ халатты абзал жандар!

Қай уақытта болмасын медицина қызметкерлерінің жұмысы қиын да күрделі екені баршаға аян.
Дәрігерлік қызмет қай кезде де емдеудің айқындаушы эле- менті болған және солай болады да. Аудан тұрғындарының денсаулығын қорғаудағы қажырлы да игілікті істеріңіз үшін шын жүректен жылы лебізімізді қабыл алыңыздар!

Игілікті еңбектеріңіз, өз кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз, азаматтардың денсаулығы үшін аянбай жасап жатқан қызметтеріңіз ел мерейін өсіре түсуде. Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, еңбекте табыс тілеймін!

Төл мерекелеріңіз құтты болсын!

Басқа жаңалықтар

Back to top button