ОТАНЫМЫЗДЫҢ ЖҮРЕГІ, ЕЛІМІЗДІҢ ТІРЕГІ
Құрметті аудан тұрғындары! Жасампаздықтың символы болып, жарқын болашаққа жол ашқан елордамыз – Нұр-Сұлтан мерекесі күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!
Егеменді еліміздің тәуелсіздігі мен астанамыз – Нұр-Сұлтан егіз ұғым десек, қателеспейтін сияқтымыз. Өйткені, елорда – тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры. Ол – Отанымыздың жүрегі, мемлекетіміздің тұрақтылығы мен экономикалық дамуының кепілі. Сонау өткен ғасырдың соңында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің астанасын Сарыарқаның төріне көшіру туралы шешім қабылдағанының өзі Ұлт көшбасшысының көрегенділігі мен салиқалы саясатының сарабдалдығын айқын дәлелдейді. Содан бергі 22 жыл ішінде бұрынғы Ақмола, қазіргі Нұр-Сұлтан адам танымастай өзгерді. Есілдің қос жағалауындағы ару да, арайлы, асқақ Нұр-Сұлтан көркейіп, түрленіп, барша қазақстандықтардың мақтанышына айналды. Тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл Еуразиялық кеңістіктің саяси-экономикалық және мәдени ошағы болып отыр. Елордамыздың 22 жылдық мерекесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт көшбасшысы, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаетың 80 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның өзі Елбасы мен бас қаламыздың ортасындағы үндестікті, тығыз байланысты білдірсе керек.
Бүгінде, тәуелсіздігі тұғырлы, бейбіт елдің баға жетпес байлығына айналып отырған бас қаламыз – Нұр-Сұлтан күні мерекесі құтты болсын! Баршаңызға денсаулық, отбасының амандығын тілеймін!
БАҒДАТ ҚАРАСАЕВ,
аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы