Басты ақпаратБілім және ғылымҚазақстан жаңалықтарыҚоғам
Президент тапсырмасымен мектептерде жаңа пән енгізілуі мүмкін
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп бағдарламасына «Балалардың экологиялық білімі» атты жаңа пән енгізуді тапсырды.

«Бізге қазіргі уақытта қоғамдық көзқарас тұрғысынан маңызы артып келе жатқан экология проблемасымен айналысу керек. Жыл сайын 5 млн тоннаға жуық тұрмыстық қатты қалдық жиналып қалады. Олардың 15 пайызы ғана өңделуде. Бұл — жеткіліксіз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Қазақстан Президенті осыған байланысты мектепте балалардың экологиялық білімі атты жаңа пән енгізу керектігін атап өтті.