«Жетісу-адалдық алаңы» жобасы аясында дәріханаларға мониторинг жасалды
«Жетісу-адалдық алаңы» жобасы аясында, Іле ауданында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Алматы облысы бойынша Департаментінің Басқарма басшысы Садыков А.Ж., аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Макымов М., аудандық кәсіпкерлік бөлімінің маманы Альмаганбет А., аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Дарибаева Ж., «Жастар» ресурстық орталығының өкілі Рақыш Т. бірге 2020 жылғы 11 шілдеде жұмысшы топ дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмау және оның бағасын өсіруге жол бермеу мақсатында мониторинг жүргізілді.
Өтеген батыр ауылындағы «Биосфера», «Садыхан премиум», «Асем», «Бану», «ЖК Марал» дәріханаларына мониторинг жүргізілді. Кейбір дәріханаларда бірқатар дәрі-дәрмектің тапшылығы туындады. Дегенмен, кәсіпкерлердің айтуы бойынша жақын күндері аудандағы дәріханаларға тиісті дәрі-дәрмектер жеткілікті мөлшерде жеткізілетін болады. Оған қоса дәріханаларда қажетті дәрілердің аналогтары бар.
Сондай-ақ, мониторинг топ мүшелері тікелей эфир барысында дәрілердің шекті бағасын арнайы dari.kz сайтынан тексеруге болатындығы жөнінде тұрғындарға түсіндірді.