Карантин режимі тағы екі аптаға созылады – Тоқаев
Мұқтаж жандарға Үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде карантин режимі тағы 2 аптаға созылатынын және мұқтаж жандарға Үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейтінін хабарлады.
«Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең Үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет. Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады. Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға Үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді», — деп жазды Президент Twitter желісінде.
Еске сала кетейік, Президент 5 шілдеден бастап елімізде 14 күнге карантин енгізген еді.