Алматы облысының жаңалықтарыБасты ақпаратДенсаулық

Алматы облысында дәрі-дәрмек сатып алуға 500 млн теңге бөлінді

Алматы облысында 150 өкпені жасанды желдету (ЭЖЖ) құрылғысы және оттегі концентраттары сатып алынады. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезектен тыс 59 сессиясында белгілі болды. Шарада 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау мәселесі қаралған болатын.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың айтуынша, қазір аймақ тұрғындарының денсаулығы басты назарда. Сондықтан коронавируспен күрес бойынша барлық қажетті шаралар жүргізілуде. Арнайы техника мен барлық қажетті дәрі-дәрмектер сатып алынады.

Жалпы сомасы бюджеттен  COVID-19-пен  күреске 3 миллиард теңге бөлінген.

Оның 500 миллион теңгесі дәрі-дәрмек сатып алуға, 2 миллиард теңгесі (оның 700 миллионы қосымша резервтен бөлінеді) ӨЖЖ және оттегі концентраттарын сатып алуға, сондай-ақ рентген және басқа да аппараттарға 400 миллион теңге бөлінді.

Сонымен қатар, Мәскеу қалаларынан келген кеңесшілердің қатысуымен, сондай-ақ Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров пен Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұмановтың қатысуымен Қарасай , Іле, Еңбекшіқазақ және Талғар қалаларындағы ауруханаларды аралады. Жұмыс сапары барысында олар  COVID-19-ға қарсы өткізілген барлық іс-шаралармен танысты.

Олар анестезиолог-реаниматологтармен, инфекционистермен, пульмонологтармен, кардиологтармен, терапевтермен, зертханашылармен,  жедел жәрдем мамандарымен, медбикелермен тілдесті.

Ресейлік мамандар ауруханалардағы қалыптасқан жағдаймен танысып, тәжірибелерімен бөлісіп, барлық пациенттер мен қызметкерлерге денсаулық тіледі. Айта кету керек, Ресейден 30 маман келді, олардың бесеуі Алматы облысында ұзақ мерзімге қалып отыр. Олар адам өмірін құтқару үшін барлық күш-жігерін жұмсамақ.

Анар САБЫРОВА

Басқа жаңалықтар

Back to top button