Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыРухани ЖаңғыруРуханият

Ұлт тірегі –білімді ұрпақ қолында

Рухани жаңғыру-ұлттық құндылықтарын жаңғырту.Жас ұрпақ санасына,туған халқына деген құрмет,сүйіспеншілік,мақтаныш сезімін ояту. Мемлекет басшысы: «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі  қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек»-деген. Ал біздің мақсатымыз жас ұрпақ өзінінің білімімен,еңбегімен,өнерімен дәлелдеп, көрсете білу керек.«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», — деген Әл –Фараби бабамы Тәрбие, тәлім табар ма?- дегендей, білім дегеніміз – жеңу. Ғылым, білім тоғышарлыққа ем. Білім адамның ақылын қозғап отыратын керемет күш, адамзат ақиқатқа баратын жолда білу арқылы жапа шегіп жатады. Тоғышарлық болса – ештеңеге күдіктенбеуменен ештеңені білмеуімен, білгісі келмеуімен солай бола тұра бәрін білем деуімен мықты болғысы келеді.Білімділік – күдіктену арқылы көзіңнің жетуіне, тоғышарлық – тоңмойындыққа алып келеді. Исаак Ньютон өлерінде былай депті: «Мен ұлы мұхиттың жағалауынан бір ғана кішкентай тас тауып алған балаға ұқсаймын, таптым да қуандым. Ал ол мұхиттың жағалауы мен түпсіз тереңінде сол секілді тастар қаншама». Омар Хаямның соңғы сөзі былай: «Алла! Мені өзің берген білімің үшін кеше гөр!».

«Білім – күш» дедік. Шын мәнінде білім бар болғаны кілт қана, оның орнын тауып қолдана білсең ғана күш — қайратқа ие боласың. ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу мақсатында ,Боралдай ауылдық кітапхансында «Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақ» атты видеослайд ұйымдастырылды. Ұлт тірегі –білімді ұрпақ қолында.Адам баласы тек білім арқылы дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылы өткен тарихын таниды, одан тағылым алады, болашағын болжап, келешегін белгілейді. «Ақыл жастан, асыл тастан» деген сөзді халқымыз жас толқынның болашағына үміт күткендіктен айтқан болар. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық.Біздің Тәуелсіз еліміздің туын, мәртебесін жоғары көтеріп, дамыған 30 елдің қатарына енуі үшін ең алдымен білімді де саналы ұрпақ өсуі қажет.
Сол ұрпақ — біздің болашағымыз Әрқашанда «Ұлт болашағы білімдінің қолында» екенін ұмытпағанымыз жөн. «Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз» ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Өткенімізді білетін, бүгінімізді түсінетін, ертеңімізге сенім менқарайтын ұрпақтарымыз азамат болыңдар!

 

Іле аудандық кітапхананың кітапханашысы Л.Жабиева

Басқа жаңалықтар

Back to top button