Аудан жаңалықтарыРуханият

ӘКЕ – ОТБАСЫ ТІРЕГІ

«Әр бала – отбасының, әр азамат – мемлекеттің көрінісі» деген сөз бекер айтылмаған. Бала тәрбиесі – жеңіл жұмыс емес, онда әкенің де, шешенің де қатысы теңдей болуы тиіс. Әсіресе, әкенің рөлі өте маңызды. Өйткені, ол баласы үшін еліктеудің нағыз үлгісі және ең басты кеңес берушісі. «Ондаған, жүздеген мамандар, кәсіптер, мамандықтар бар: бірі темір жолын құрайды, басқасы үй салады, үшіншісі бидай өсіреді, төртіншісі адамдарды емдейді, бесіншісі киім тігеді. Бірақ, өзі әмбебап, өзі күрделі және өзі асыл жұмыс бар, барлығы үшін біртұтас болып тұрған, сонымен бірге өзіндік және әрбір жанұяда қайталанбас біртума – бұл адамды жарату… Күзетшіден бастап министрге дейінгі кез-келген қызметкерді, одан да талапты адаммен ауыстыруға болады. Ал жақсы әкені дәл осындай жақсы әкемен алмастыру мүмкін емес» — дейді В.А.Сухомлинский

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл-береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі – әке. «Өмірге ұрпақ келтіріп, оны асырау арқылы әке өз міндетінің үштен бірін ғана орындайды екен. Ол адамзатқа адам, қоғамға қызметкер, мемлекетке азамат беруге міндетті. Осынау үш міндетті орындауға қабілетті бола тұра кімде-кім оны орындамаса айыпты» деген екен педагог Жан Жак Руссо. Жастайынан әкенің қатал қабағынан қаймыққан, әке тағылымына бас иген, үлкеннің айтқанын тыңдап, көңілге түйе білген, әке үйреткен өнегені, ақыл-өсиетті көңіл құтысына құя білген перзент еш уақытта әке назарын төмен салдырмайды.

Мектебімізде 21 маусым Халықаралық әкелер күніне орай әр түрлі іс-шаралар өтті. Мектебімізде 21 маусым Халықаралық әкелер күніне орай төмендегідей іс-шаралар өтті: БАҚ-та және әлеуметтік желілерде отбасындағы әкелердің рөлі туралы бейнероликтерді көрсету, әлеуметтік желілердегі #әкеотбасыныңтірегі, #меніңәкемменіңмақтанышым челлендждерді іске қосу (отбасылық фото және видео орналастыру; құттықтаулар, әкелердің спорттық жетістіктері, бірлесіп бос уақытын өткізу,үлкендерге көмек көрсету, үй бойынша және тағы басқа).

Айнур ТАСУБАЙ,
№4 орта мектептің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі

Басқа жаңалықтар

Back to top button