Алматы облысының жаңалықтарыБасты ақпаратДенсаулық

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандардың саны 610 адамға жетті

Бұл тізімде коронавирустан көз жұмған 59 дәрігер бар

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустан көз жұмған жандардың саны 610 адамға жеткенін айтты. Кеше жарияланған ресми мәліметте КВИ-ден көз жұмғандардың саны 585 деп көрсетілсе, бір күн ішінде өлім саны тағы 25 адамға көбейген.

«Қателеспесем, коронавирустан көз жұмғандардың саны 610 адамға жетті. Негізі, бұл аптасына бір рет жарияланатын стастистика. Өйткені, арнайы комиссия қайтыс болған адамдардың өлімі нақты неден болғанын анықтауы тиіс», — деді министр.

Ал, ресми түрде коронавирустан көз жұмды деген дәрігерлердің саны 59 адам екен.

«Қаза тапқан дәрігерлердің тізімін аймақтардан аламыз, содан оны өтемақы беру үшін Еңбек министрлігіне береміз. Қазір тікелей коронавирустан қаза тапқан дәрігерлер саны 59 адам. Жалпы, жұмыс орнында жұқтырған дәрігерлер саны – 123», — деді Цой.

Еске сала кетейік, 3-19 шілде аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 210 адам көз жұмды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button