Басты ақпаратҚоғамМәдениетМерекелерРуханият

АБАЙ КҮНІ АТАП ӨТІЛЕТІН БОЛДЫ

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туған күніне қатысты осы уақытқа дейін зерттеушілер арасында екіұшты пікір айтылып келді: абайтанушылардың бір бөлігі Абайдың туған күні 23 тамыз десе, енді бір бөлігі 10 тамыз дегенді алға тартады. Ал ЮНЕСКО көлемінде тойланған Абайдың 150 жылдығы 10 тамыз болып белгіленген. Енді Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен ресми түрде 10-тамыз «Абай күні» деп бекітіліпті.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: — көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын: — «22-1. Абай күні – 10 тамыз».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі»,- делінген Қаулыда.

Мәлімет Abai.kz порталынан алынды

Басқа жаңалықтар

Back to top button