Аудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғам

«Nur Otan» — АШЫҚ АЛАҢДА

Cәрсенбінің сәтті күні Өтеген батыр ауылы, аудандық партия филиалының мәжіліс залында бастауыш партия ұйымдары төрағаларының қатысуымен онлайн жиын өтті.

Жиынды «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмасбек Сатибаев жүргізді. Күн тәртібіне орай бастауыш партия ұйымдарында ішкі партиялық іріктеуге (праймериз) партия мүшелерінің қатысуы, олардың арасында үгіт-насихат жұмыстарын, праймеризді ұйымдастырудың міндеттері, қағидаттары мен тәсілдері бойынша қысқаша түсіндіріп, хабарлама жасады. Жиын барысында праймеризді ұйымдастыру бойынша өзара мәселелер талқыланып, жұмыстардың жоспарлы орындалуы үшін нақты тапсырмалар берілді.

Осы арада «праймериз деген не?» деген сұрақ туатыны заңдылық. Праймериз ең алғаш рет 1842 жылы АҚШ-та өткен сайлауда қолданылған тиімді тәсіл. Партияішілік белсенді азаматтарды ашық таңдау жасау деген ұғымды білдіреді. «Алдын ала таңдау» — деп те түсінуге болады. Партия өз ішінде сайлау өткізіп, өз лидерлерін анықтап алады. Осы жолмен алдағы сайлау науқанында ұсынатын кандидаттарының бағытын, ұстанымын нақтылайды.

Биыл «Nur Otan» партиясы алғаш рет праймериз тәсілін қолданбақ. Ол Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қаулысымен 17 тамыз бен 3 қазан аралығында өткізілетін болады.

Партияның қазіргі төрағасы Бауыржан Байбектің айтуынша белсенді азаматтар мен кіл мықты жастарды іріктеу, партияның іргесін нығайту мақсатында праймериз еліміздің барлық аумағында өткізіледі. Сайлауға өзін елдің нағыз лидерімін деген азаматтар өтініш беріп, қатыса алады.

Айта кетейік, сайлауға дауыс беруге қатысуға барлық тұрғын қатысуға құқылы емес. Сайлауға түскен үміткерге өз жерлестері ғана дауыс бере алады.

Бағдат ТОҚАНҰЛЫ

Басқа жаңалықтар

Back to top button