Рухани жаңғыру және жастар саясаты
Рухани жаңғыру – бұл адам сана сезімінің, сенімі мен сапасының, білімі мен өмір сүру тәсілінің көрсеткіші. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз қызметінде, яғни сөйлеген сөздері, мәлімдемелері, әлеуметтік желіде жазбаларында қоғамдық сананы жаңғырту және жастар тақырыбын алға қойып келеді. Бізге белгілі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасында бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, эволюциялық даму және сананың ашықтығы қазіргі Қазақстан қоғамына қажетті құндылықтар ретінде көрсетілген.
Еліміздің тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен іске қосылған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жалпыұлттық дәрежедегі жоба екендігі сөзсіз. Бұл бағдарламаны қабылдау Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялағаннан бергі қоғамның қалыптасқан проблемалары, ішкі сұранысы және жаһандық жаңа бетбұрыстардан туындады. Елімізде жастарды жалпы қоғамдық үдерістерге үлес қосу мақсатында ынталандыру шаралары іске асырылуда. Айта кететін болсақ Іле ауданы жастары арасындаҰлы Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өту шаралары ресми түрде ашылды. Соған байланысты ақынның өлеңдерінен челендж, түсіндірме жұмыстары және басқа да түрлі жарыстар ұйымдастырылып жатыр. Елімізде болып жатқан жағдайға байланысты бұл шаралар онлайн түрде жүргізіледі.Ұлы Абайдың шығармашылығы заманауи әсіресе еліміздегі жастар арасында отанға, еңбекке, білімге деген сүйіспеншілік сынды құндылықтарды ілгерілетуге мүмкіндік береді. Ақынның мерейтойын тойлау бұл халықтың одан әрі рухани адамгершілігінің дамуына бағытталған ауқымды оқиға болмақ.