Алматы облысының жаңалықтарыБасты ақпаратДенсаулықҚазақстан жаңалықтарыҚоғам
Денсаулық сақтау министірінің бұйрығына сәйкес дәрі-дәрмектерге шекті бағалар
Дәрі-дәрмек бағаларының көтерілуін болдырмау, сондай-ақ халықтың хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өңірдің дәріханаларында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың шекті бөлшек сауда бағаларын көрсете отырып, афишаларды орналастыруды ұйымдастырады.
Бұл жұмыс біздің облыста өткен аптада басталды.
Афишаларда ең көп сұранысқа ие 5 дәрі-дәрмек көрсетілген, сондай-ақ денсаулық сақтау Министрі бекіткен дәрі-дәрмектердің жаңартылған толық тізбесіне сілтеме жасай отырып, QR-код орналастырылған.
Бүгінгі күні бұл тәжірибе халық үшін пайдаланудың ыңғайлылығына байланысты өзінің оң әсерін көрсеткенін айта кету керек.