Алматы облысының жаңалықтарыБасты ақпаратҚазақстан жаңалықтарыҚоғамМәдениетМерекелер

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе»

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес 10 тамыз «Абай күні» болып белгіленді. Бұл мерейлі күнді ұлт ретінде ұзақ күткеніміз рас. Өшкені жанып, өлгені тірілген қазақ ұлысының ұлықтар құндылықтары, әрине көп. Соның ішінде Алаш баласының рухани құбыласы болған Абай поэзиясын  ерекше құрметтеу – баршамызға бұлжымас парыз. Себебі, Абайдың мол мұрасы қазақ ұлтының жаңа сапасын қалыптастыруға қызмет етеді. Оның шығармаларындағы ой-тұжырымдар әрбір жастың бойында халқына, елі мен жеріне деген патриоттық сезімді орнықтырады. Сондықтан хакім Абай еңбектерінің нәрін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру және өмірлік азығына айналдыру – ұлтты жаңғыртуға жол ашатын маңызды қадамның бірі.

Абай күні елге келген індеттің салдарынан онлайн түрде аталып өтті. Атаулы мерекеге ауданымыздың мектептері белсене атсалысып, іс шаралар кешені өткізілді. Атап айтқанда, №1 орта мектептің «Заңғар» әдістемелік бірлестігінің мүшелері,  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері А. К. Байгараева, К. Р. Токбосынова, А. К. Сарсенбаева, Р. Ч. Матақбаева Абай күніне орай онлайн режимінде іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында ағалы-інілі Алихан мен Нұрғали Нүсіпжановтар және 8 «А» сынып оқушысы Төрехан Алина ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыса, 9 «А» сынып оқушысы Махмут Жансая Абайға арнаған төл туындысын оқыды.

Ал, №5 орта мектепте тек мемлекеттік тілде ғана емес, ел саясаты қолдаған үштілділікті қатар алып жүргендерін көрсетті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ж. Қ. Молдабекова Абайдың «Сегіз аяқ» әнін орындаса,  ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Р. Қ. Өміржанова шәкірті 11 сынып оқушысы А. Қ. Айкеновамен бірге «Абай күніне» орай ағылшын тілінде бейнебаян түсірді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А. Т. Түкебай қазақ тілінде, ал  орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А. Б. Тоқымбаева орыс тілінде Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралым презентация жасап, жан-жақты ақпарат берді. Бұл Абайды тек қазақ тілінде ғана емес, өзге тілдерде дәріптеудің жарқын мысалы болды.

Абай Құнабайұлының шығармашылығын дәріптеп, жас ұрпаққа ақын мұрасын насихаттауда ауданымыздың барлық мектептері атсалысты. Оқушіларымыз да жазғы демалыс мерзімі екендігіне қарамай, ақын аталарының өлеңдерін жатқа оқып, өздерінің жүрекжарды жырларын да арнады. Мысалы, №7 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Абайдан қалған асыл сөз» атты Абай күніне арналған әдеби оқу ұйымдастырылды. Шараның өтуіне Б. Кәрім, А. Ержанов, Ш. Сұлтанбекова, А. Оспанова, Б. Сейтенова, Г. Райханова, Н. Рахимова және Т. Айнабековалар белсене атсалысып, оқушылар онлайн түрде ақын өлеңдері мен қарасөздерін мәнерлеп жатқа оқып, ақын аталарына деген ілтипаттарын жыр жолдарымен жеткізді. Ақын өлеңдері тек қазақ тілінде ғана емес, сондай-ақ ресми тілде де жатқа оқылды.

Аталмыш шараға байланысты ақын өлеңдерін мәнерлеп оқуға арналған мерекелік шара ауданымыздың №8 орта мектебінде де жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Н. К. Айтжан, Н. Д.  Чонгитова, Н. Ж. Сәрсенғалиевалардың ұйымдастыруымен 10 тамыз Абай күні мерекесінде ұлы ғұламаның өлеңдерін мәнерлеп оқуда 8 б сынып оқушысы Шәріп Айсымбат, 9 а сынып оқушылары Сақташ Іңкәр және Мадияр Айдана ерекше көзге түсті.

№12 орта Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Абай өлеңдерін оқу эстафетасын  мектеп басшысы Т. Т. Ибраймова бастап,  эстафета мұғалімдер мен 5-11 сынып оқушылары арасында белсенді жалғасын тапты. мектебінің «Шабыт» шығармашылық топ жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М. Ә. Ешмағамбет ұйымдастыруымен эстафета нәтижесі сараланып, ақынның өлеңдері мен қарасөздерін мәнерлеп оқуда үздік деп танылған оқушылар мақтау грамотасымен марапатталды.

№14 орта мектептің «Шамшырақ» әдістеме бірлестігі мектеп ұжымына Абай Құнанбайұлы күніне орай ақ тілектерін айтып, елді, халықты Абайша сүюді үйренуге шақырды.  Қазақ тілі мен әдебиет пәні  мұғалімдері Н. С. Тобаева,  Б. Қ. Қажыбаева бейнежазба  арқылы Абайдың  қара сөздері мен өлеңдерін, «Ескендір» позмасын жатқа оқыды.

Ы.Ноғайбаев атындағы №18 орта мектебінің  мұғалімдері К. А. Баспаева мен А. М. Чамчиева виртуалды Абай мұражайын жасап, ақын мұрасын көрнекілік материалдарымен таныстырды. Ал, №20 орта мектепте «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, таңырқа!» атты ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Мектеп директоры М. Құткелдиеваның бастамасымен мектепішілік Абай өлеңдерін жатқа оқу эстафетасы өткізілді. Жас ұрпақтың сөздік қорын байыту, шығармашылығын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, мәнерлеп жатқа оқуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге жетелеу барысында ұйымдастырған іс шарада тәжірибелі ұстаздар А. К. Бегенбаева, А.Қ. Рахимбаева, Қ.Ч. Ешниязова және Нұралиева Г.  ерекше көзге түсті.

Осындай онлайн іс шаралар №21 орта мектепте де өткізілді. Мектеп кітапханашысы А. Батнияз кітап көрмесін ұйымдастырып, бейнежазба арқылы оқушыларға таныстырды. Мектептің ардагер ұстазы Р. Жакупова, орта буындағы ұстаз М. Байузакова, 5 «А» сынып оқушысы Ф. Амангелді  «Абай өлеңдері» тақырыбында өлең оқып мектептің арнайы  фейсбук парақшасына жариялады. Ұлы ақынның мерейтойына орай №39 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н. Е. Кенжебаева, шәкірті Арманова Қарақат ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Қарақат аудандық «Абай оқуларында» ақынның 150 өлеңін және қарасөздерін жатқа оқып, жеңімпаз атанған болатын.

№40 орта мектептің ұстаздар қауымы мен шәкірттері де мерекелік күнге қашықтықтан атсалысты. Іс шарада оқушылар ақынға жыр шумақтарын арнап, Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа айтып, белсенділік танытты. Бұл іс-шараның басы-қасында жүріп, шараның жоғары деңгейде өтуіне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері  Т. Әуренбаева, Г. Жусипова, Н. Түндебаева  өз үлестерін қоса білді.

Абай мұраларын насихаттау жұмыстарынан №42 орта мектеп те шет қалмады. Мектепте ұйымдастырылған «Әлем  таныған Абай!» атты байқауға бастауыш сыныптың және орта буынның оқушылары қатысып, Абай Құнанбаевтың өлеңдерін, қара сөздерін жатқа оқыды.  Байқау қорытындысына сай Б. Д. Досымбекова жетекшілік ететін мектеп алды даярлық сыныбының оқушысы Бақыт Іңкәр Серікжанұлы, Ж. О.  Оразханова жетекшілік ететін 3 «Б» сынып оқушысы Асқар Алтынай, Расулқызы Зияда Абай өлеңдерін жатқа оқып, З. А. Аманованың шәкірті 5 «А» сынып оқушысы Жалған Қарлығаш ақынның қара сөздерін оқып, белсене қатысқандары үшін марапатталды.

Сондай-ақ, №47  орта  мектепте   «Абай – дана, Абай – дара»  тақырыбында  ақынның  өлеңдері  бойынша ұйымдастырылған челленджде  қазақ  тілі  пәні  мұғалімдері  А. Ахметова,  М. Есенбаева, М. Амановалар  ерекше  белсенділік  танытты. 9-10 сынып  оқушылары  арасында «Сен де бір кірпіш дүниеге…» атты қашықтықтан эссе байқауы  өткізіп, қазақ  тілі  пәні  мұғалімі  Ж.Б.Тұрарованың  шәкірттері жүлделі  орындарға  ие болды.  Ш. Диханбаеваның ұйымдастыруымен 7-8 сынып  оқушылары ақынға  арнап жазған өлеңдерін  оқып, бейнежазба түсірді.

«Абай – қазақтың темірқазығы». Абайды қалай мақтасақ та, Абаймен  қалай мақтансақ та жарасады.  Біз бұрынғы ақын атамызбен мақтанып қана қоймай, Абайдың сара жолын жалғауымыз керек. Өйткені, оның туындылары – баға жетпес асыл қазынамыз. Ақынның асыл сөздері тот баспай, келешекте де гаухардай жарқырап, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпағымызға нұр болып қалары хақ.

 

 

                   А. Молдагулова,

аудандық Білім бөлімінің әдіскері

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button