Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпарат

ЖАСТАР: ПРЕЗИДЕНТ ПӘРМЕНІ

ЖАСТАР ҰРАНЫ АДАЛДЫҚ

«Жетісу – адалдық алаңы» аясында атаулы әлеуметтік көмек бойынша көпбалалы аналар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық – мемлекетті өз ішінен іріткі салып, жоюдың бастамасы. Оның еліміз қол жеткізген жетістіктерді жоққа шығарып, ұлттық қауіпсіздікке қауіп тудыратыны күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі  – осы зұлымдықпен күресу. Бұл дерттің жаппай жою үшін жастардың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қалыптастырудан бастауымыз керек. Жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынуына және орындауына көмектесу аясында «Жетісу — адалдық алаңы» жобасы бойынша, жастар арасында жемқорлыққа төзбеушілікті дамыту мақсатында аудандық кітапханада адалдықты насихаттайтын шаралар кешені өткізілді.

Ащыбұлақ ауылдық округі бойынша «Жетісу- адалдық алаңы» жобасы аясында «Адал ұрпақ» еріктілерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында тұрғындарға брошюралар таратылып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Ислам діні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жеке тұлғалық және ұжыммен бірлесе жүзеге асырған. Шариғаттағы жемқорлықтың үкімі – харам. Яғни, асыл дінімізде «Пара алған да, пара берген де күнәһар» деп танып, жемқорлықты үлкен күнәлар қатарына жатқызып, үзілді-кесілді тыйым салынған. Соның алдын алуда «Жетісу — адалдық алаңы» жобасы аясында КазЦИК ауылдық округіндегі №42 орта мектепте оқушылармен кездесу өткізілді.

 

ЖАСТАР ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ

Ең бақытты ел – тыныштық пен татулық бесігінде тербеліп, түн ұйқысы қару даусымен бұзылмаған ел. Үй ішінен үй тігіп, ел ішіне іріткі салып, елді сиырдың бүйрегіндей бөлшектейтін терроризм –  елге төнген үлкен қауіп, бейбітшілік пен татулықты арқау еткен мемлекеттің билігін күйретуге əсер ететін бүкіл əлемдік мəселе. Аудандық жастар ресурстық орталығы «Біз терроризмге қарсымыз» атты іс-шара ұйымдастырып,  орталық директоры А. Абдрахманов, аудандық мешіттің Найб имамы жəне ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұ. Жумадилова терроризм мен экстремизмнің алдын алу жолдары туралы жастар алдында бірқатар сұрақтарға жауап берді.

 

МЕЙІРІМДІ ЖАНДАРҒА ҚОЛҚАБЫС ЕТТІ

Жұқпалы індетпен күресіп, ұлттың саулығын сақтау барысында  елім деген азаматтардың бірлігі, ұлтжандығы, елсүйгіштігі сыналар сәт екенін білеміз. Аудан әкімі Б. Қарасаевтың тікелей қолдауымен жалғасын тапқан «Bizbirgemiz!» атты акциясы аясында қайырымдылық іс-шараларына жастар орталығы белсене атсалысты. Мәселен, ел мақтанышы, аралас жекпе-жектен әлемнің 3 дүркін чемпионы, Әлем Кубогінің иегері, Қазақстанның еңбегі сіңген спорт шебері  Ардақ Назаров пен «Йокохама» компаниясының Қазақстандағы өкілі Сырымбек Тау Байсерке, Ащыбұлақ ауылдарындағы көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған 200 отбасыға азық-түлік түрінде қайырымдылық көмек ұйымдастырды.  Осы шара барысында «Іле аудандық жастар ресурстық орталығы» мен «Jas Otan» Жастар қанаты белсенді мүшелері, еріктілер азық-түлік себетін таратып беріп, өздерінің көмектерін тигізді. «Halyk» қайырымдылық қорының қолдауымен, «ПЕРВЫЙ ПИВЗАВОД» ЖСШ-нің демеушілігімен ауданымыздағы аз қамтылған, жалғыз басты аналар, мұқтаж отбасыларға азық-түлікке толы қораптар таратуда да жастар орталығы өз белсенділіктерін танытты. Сонымен бірге, Жастар орталығы округ нұсқаушысы жəне еріктілермен бірлесіп, Междуреченск, Чапаев, Ащыбұлақ ауылдық округіндегі әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасылардың хал ахуалын сұрап, азық-түлік, киім-кешек, үйге керек жарақтармен көмек көрсетіп қайтты.

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Індеттен сақтану мақсатында аудан əкімінің тапсырмасымен Энергетический ауылдық округінде еріктілер қолдан жасаған бетперделерін тұрғындарға таратты. Ауданымыздағы адамдар көп шоғырланатын халыққа қызмет көрсету орталығы, Қазпошта, банк сияқты мекемелерде жастар орталығының басшысы жəне мамандары түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, адамдардың ара қашықтықты сақтауын қадағалап, кезекпен өткізу, тізімге жазу сияқты жұмыстарды атқарып жатыр. Еріктілер мемлекеттік қызметкерлермен бірге дүкен, базарлар, карантин кезінде жұмыс істеуге тиым салынған қызмет орындарын тексеруге арналған мониторинг жүргізуге жиі шығады!Сондай-ақ, аудандық аурухана қызметкерлері, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарымен бірге, «Бетперде тағыңыз!» атты акция ұйымдастырып, аудан тұрғындарына бетперде таратылды.  МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ КӨМЕКТЕСТІЖастар орталығы ел басына күн туған қиын-қыстау кезеңде көмекке келіп, халыққа қолдан келгенше аянбай қызмет етуде! Қазіргі таңда еріктілер аудандық емханамен бірігіп «мобильдік топқа» атсалысып, дәрігерлер мен медбикелерді сырқат жандардың үйіне процедура жасауға апару, лаборотория қызметкерлерін қан сынамаларын алуға науқастардың үйіне жеткізіп апару, емханадан берілетін дәрі-дәрімектерді науқастардың үйіне жеткізу сияқты жұмыстарды атқарып жүр! Еріктілер керек кезде системаның штативі ретінде де 1 сағаттай инфузиялық ерітінділер науқасқа құйылып біткенше ұстап тұрып, түрлі жағдайларда қажымас қайрат пен әр адамға деген мейірімділікті көрсетуден аянбай келеді.Еріктілер таңғы 8.00 өз жұмыстарын бастап, кешкі 17.00-18.00-ге дейін көмектерін жалғастырады. Еріктілер уақытпен шектеулі емес, кейде түннің жарымына дейін өз міндеттерін орындайды.  ТІЛСІЗ ЖАУДАН САҚТАНАЙЫҚАудандық жастар орталығының мамандары мен нұсқаушылары көктем, жаз айларында өзекті әрі қауіпті мәселе болып табылатын өрттен сақтану және алдын алу шаралары жайында түсіндірме парақтарын таратты.  Сондай-ақ, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп жаз айларында табиғат аясына шыққан кезде өрт қауіпсіздігі және суға түсудегі қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік жадынамаларын таратты. Алматы облысы Қапшағай тасжолында қоқыс полигоны өртенуі  кезінде еріктілер полигонға барып өрт сөндірушілерге көмек көрсетті.

ТАЗАЛЫҚ  – ИМАННЫҢ ЖАРТЫСЫ

«Тазалық тазалаған жерде емес, таза ұстаған жерде» деген мәтелді кей тұрғындардың ұмыт қалдыратыны өкінішті. Тазалыққа мән бермейтіндер өңірімізде өте көп. Бәріміз де тұрғылықты ауламыздың абаттанған, көрікті болғанын қалаймыз. Адамзаттың абзалы Мұхаммед (с.ғ.с) хадисінде «Тазалық  – иманның жартысы» деген даналық айтқан болатын. Иә, тазалық иманның жартысы болуымен қатар, таза аула  – жайлы өмір сүрудің басты кепілі. Осы орайда, маусым айында карантин талаптары жеңілдеген кезде аудандық жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарымен жəне «Іле жүрегі» еріктілер тобымен Өтеген батыр кентінде орналасқан Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштің алдын, аудандық əкімдіктің айналасын тазалап, абаттандырды. Жастар Энергетический ауылдық округінде орналасқан үйлердің ауласы мен балалар ойын алаңдарын қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізді. «Тазалық — денсаулық кепілі» екенін жан-жүрегімен сезінген жастар өздері замандастарына үлгі болып, ауданымыздың көр­кеюіне, тұрғындардың дені сау, тәні таза болуына бір адамдай жауапкершілікпен қарауға шақырады.

АРДАГЕРЛЕР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Ауған жерінен Кеңес əскерлерінің шығарылғанына 31 жыл толуына орай ауданымыздағы ауған соғысында қаза тапқан қыршындарды еске алуға арналған іс-шара өтті. Аталған шараға Іле ауданы жастар ресурстық орталығының жетекшісі А. Абдрахманов жəне бірқатар лауазымды тұлғалар мен ауданымыздың ауған соғысы ардагерлері қатысты.  Шара барысында боздақтар туралы естеліктер айтылып, батырлар ерлігі жас ұрпаққа насихатталып, елімізге амандық, келешек ұрпақ қанды жорықты көрмей өсуіне тілектестік білдірілді. 9 мамыр — Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, аудандық ішкі саясат бөлімінің және округ әкімі Б. Жұмабаевтың қолдауымен жастар орталығы, еріктілер тобы жəне №38 мектеп-гимназиясының кадет сыныбы Ұлы отан соғыс ардагерлері Əлімбаев Көшерхан, Толғанбаев Тәңірберген, Заяц Василий, Рыбалов Дмитрий, Кириченко Федор аталарымызды құттықтап, ұмытылмас ерліктеріне алғысын білдіріп қайтты.

 ДӘРІ БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА«Жетісу-адалдық алаңы» жобасы аясында құрамында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Алматы облысы бойынша Департаментінің Басқарма басшысы А. Ж. Садыков, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М. Макымов, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің маманы А. Альмаганбет, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Ж. Дарибаева, «Жастар» ресурстық орталығының өкілі Т. Рақыш бар бақылаушы топ 11 шілде күні дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмау және оның бағасын өсіруге жол бермеу мақсатында мониторинг жүргізді.Өтеген батыр ауылындағы «Биосфера», «Садыхан премиум», «Асем», «Бану», «ЖК Марал» дәріханаларына мониторинг жүргізілді. Кейбір дәріханаларда бірқатар дәрі-дәрмектің тапшылығы байқалды. Кәсіпкерлер жақын күндері аудандағы дәріханаларға тиісті дәрі-дәрмектер жеткілікті мөлшерде жеткізілетін болатынын айтып, қажетті дәрілердің аналогтары барын білдірді. Сондай-ақ, мониторинг жүргізуші топ мүшелері тікелей эфир барысында дәрілердің шекті бағасын арнайы dari.kz сайтынан тексеруге болатындығы жөнінде тұрғындарға түсіндірді.Егер сіз медициналық бұйымдар мен дəрі-дəрмектердің бағасы жоғарылауына жəне жетіспеушілігіне куə болсаңыз, 8702 002494 номеріне хабарласып немесе ватсап желісі арқылы фото, видео жібере аласыз.

 

АБАЙ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

10 тамыз  – Абай күні мерекесіне орай, жастар ресурстық орталығының мұрындық болуымен ауылдық округтерде Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы онлайн түрде аталып өтті. Мәселен, Чапаев ауылдық округінің жастары ақынның «’Жақсылық ұзақ тұрмайды» атты өлеңін мәнерлеп жатқа оқыса, Байсерке ауылдық округінің жастары Абайдың 1902 жылы жазған «Жүрек — теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас…»  өлеңін жатқа оқыды. Сонымен бірге, ақын мұрасы мен оның өміршеңдігі жайлы насихат жұмыстары жүргізіліп, Абай айтқан ізгі қасиеттерді бойға сіңірудің маңыздылығы да сөз болды.

Материалдарды дайындаған: Алмат Ержанов

Басқа жаңалықтар

Back to top button