Құрметті Іле ауданының тұрғындары!
Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, 17 тамыздан «NurOtan» партиясының праймеризі бастау алды.
Праймериз– Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттыққа, партияның, филиалдарының органдарына кандидаттарды ұсынуға және мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыным жасауға арналған партиялық тізімдерге одан әрі енгізу үшін алдын ала партияішілік іріктеу болып табылады.
Кандидаттар праймеризге бастауыш партия ұйымының атынан немесе өзін-өзі ұсыну жолымен де қатысуы мүмкін. Бұл ретте партияның құндылықтарын ұстанатын және сайлау құқығы бар кез келген азамат үміткер бола алады.
Осы орайда, егер Сіз ел өркендеуі жолында үлесіңізді қосып, ауданымыздың (қаламыздың) дамуына үлесіңізді қосқыңыз келсе праймеризге қатысуға шақырамыз.
Кандидаттардыұсынужәнетіркеу 17 тамызданбасталып 28 тамызғадейінжалғасады. Толық ақпаратты nurotan.kz , primaries.kz сайты немесе Іле аудандық партия филиалында ақпарат алып, талапқа сай болсаңыз құжаттарыңызды өткізуге болады.
Іле ауданының әкімі, «NurOtan»
партиясы аудандық филиалының төрағасы Б.Қарасаев