Басты ақпаратҚазақстан жаңалықтарыҚоғам
1 қыркүйекте Тоқаев халыққа жолдау жасайды
Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі жолдауы 2020 жылдың 1 қыркүйек күні өтетін Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады.