Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБілім және ғылым

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚАДІРЛІ ІС

Қайырымдылық жасасаң,
Қайырын өзің көресің, — дейді қазақ xалқы. Қайырымдылық — адамзат бойындағы ерекше бір қасиет.

Қайырымдылық — ізгіліктің белгісі, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Мектебіміз жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық шараларын өткізуде. Бұл акция жыл сайын өтетін қайырымдылық шараларының жалғасы десек артық айтқандық болмас.

Акция мақсаты — оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басына дайындық уақыты кезінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету. Осы мақсатта Жетіген ауылы №34 орта мектеп ұжымы да «Мектепке жол» акциясына өз үлестерін қосып, белсене атсалысып, жетім, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасынан шыққан балаларға үйден оқитын оқушыларға көмек көрсетілуде.

Акция барысында тек материалдық көмек көрсетіліп қана қоймай, көпшілік жан жылуын сыйлауды да естен шығармады. Қайырымдылық жасау әр азаматтың парызы десек, жас ұрпақты ізгілікке тәрбиелеу — ата-ана мен ұстаздардың ғана емес, баршаның міндеті.

Мектебімізде «Мектепке жол акциясы» әлі де жалғасуда.

Б. СУГУРБАЕВА,
№34 орта мектептің әлеуметтік
педагогы

Басқа жаңалықтар

Back to top button