Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғам

ШИКІЗАТ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛСЕ

ЖОЛДАУҒА –ҚОЛДАУ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы  қоғамдық  диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын  мұқият тыңдап шықтым. Мемлекет басшысы өзінің сөзінде елдің дағдарыстан кейінгі дамуының негізгі мақсаттарына, экономикалық және әлеуметтік мәселелерге кеңінен тоқталды. Фармацевтика саласындағы кәсіпкер болғандықтан Ел Президентінің «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері шешілді, бірақ отандық фармацевтика саласын аяғынан тік тұрғызу керек. Барлық негізгі дәрі-дәрмектер мен медицина бұйымдары Қазақстанда өндірілуге тиіс. Бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі»,-деген сөзіне толықтай қосыламын. Шын мәнінде Қазақстанда дәрі-дәрмек өндіретін кәсіпорындар саусақпен санарлықтай. Көтеген препараттар шет елдерден тасымалданады. Менің ойымша Қазақстанда фармацевтикалық өнеркәсіптің инфоқұрылымы ойдағыдай емес. Шикізат жетіспейді, фармацевтикалық машиналар  да заман талабына сай келмейді. Оның үстіне өндірілген дәрілік препараттарды өткізу жүйесі қажетті деңгейде ұйымдастьырылмаған. Содан да болар елімізде  дәрі-дәрмек өндіру жұмысы кең қарқын жая алмай отыр. Мұны маусым-шілде айларында дәрі-дәрмектің жетіспеушілігінен анық байқадық. Жұрттың  қарапайым парацетомол мен аспирин таппай қалуының өзі көп жайтты аңғартады. Фармацевт ретінде айтырым, отандық дәрі-дәрмек өндірісін аяғынан тік тұрғызу үшін ең алдымен соған қажетті шикізат мәселесін шешу керек. Қарапайы цефазолин шығару үшін оның ұнтағын бір елден, сыртындағы қорабын тағы бір  басқа елден алу керек. Қажетті шикізаттың барлығы өзімізде өндірілсе нұр үстіне нұр болар еді. Сонымен қатар фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту үшін бастапқы кезеңде  белгілі бір мемлекеттік жеңілдіктер жүйесінің қарастырылғаны жөн  сияқты. Өйткені, фармацевтика нарығы өте маңызды өнеркәсіпке жатады, өйткені оның ойдағыдай дамуы халық денсаулығының кепілі.

                                                 ШОЛПАН ҚАҒАЗБАЕВА,

                                       Фармацевт кәсіпкер, Іле ауданының Құрметті азаматы

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button