Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпарат

ПІКІРСАЙЫС ЖЕРЕБЕСІ ТАРТЫЛДЫ

«Nur Otan» партиясы праймериз өткізу арқылы партия жұмыстарын жандандыруды көздеп отыр. Праймериз – партияішілік таңдау. Партия ішіндегі сайлау бәсекелестікті арттырып, жаңашыл азаматтардың іріктелуіне жағдай туғызады. Бұл ең алдымен партияның алыс аймақтардағы, өңірлердегі мүшелеріне мүмкіндік береді. Ал кандидаттар сайлауалды жұмыстарын ұйымдастырып, өз кезегінде халықты жеке бағдарламасымен, алға қойған мақсаттарымен таныстырып, пікірсайыс өткізеді. Осы орайда, 2020 жылғы 07 қыркүйек күні сағат 11:00 «Nur Otan» партиясы Іле аудандық праймеризді ұйымдастыру комитеті кандидаттардың пікірсайысын өткізуде әділдікті сақтау мақсатында жеребе тастау шарасын ұйымдастырды. Шара барысында «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық праймеризді ұйымдастыру комитетінің жетекшісі А.Сатибаев сөз сөйлеп, праймериздегі пікірсайыстың мақсатымен өткізілу тәртібін түсіндіріп өтті. Одан кейін кандидаттар арасында жеребе тартылып, әр кандидаттың қай күні, қай жерде пікірсайысқа қатысатыны анықталды. Кандидаттар тарапынан Р.Абилова, Д. Кузиев сөз сөйлеп, алдағы үгіт-насихат жұмыстары туралы ой айтып, партияластарға пікірсайыс кезінде сәттілік тіледі.

Өз тілшіміз

Басқа жаңалықтар

Back to top button