Іле ауданы бойынша жария пікір сайыстың өткізілу кестесі
![](https://ile-tany.kz/wp-content/uploads/2020/08/whatsapp-image-2020-08-17-at-10.15.38.jpeg)
Бүгінгі таңда «NurOtan» партиясынан өзекті мәселелерді шешу және жаңашыл бастамаларды жүзеге асыру бойынша халық нақты шешімдер күтуде. Осы бағытта «Nur Otan» партиясы тарапынан партиялық жүйені қайта жүктеу, ашық, партияішілік іріктеу – праймериз қолға алынып, ұйымдастырылуда. Іле ауданы бойынша тіркелген 78 кандидат праймериз кезіндегі үгіт-насихат жұмыстарына белсене атсалысуда, «Nur Otan» партиясының праймеризді өткізу ережесінің 12 тармағына сәйкес 2020 жылдың 17 — 24 қыркүйек аралығында Чапаев, Қараой елді-мекендеріндегі Мәдениет үйінде кандидаттар арасында өзара жария пікірсайыс өтетіні белгіленді.
№ | БПҰ | Өтетін орны | Толық мекен жайы | Өтетін күні мен уақыты |
1 | Чапаев | Чапаев ауылының мәдениет үйі | Чапаев ауылы, 3 ықшам ауданы, 3Б ғимараты | 17.09.2020
10.00; 12.00;
19.09.2020 10.00 ; 12.00;
22.09.2020 10.00 ; 12.00;
24.09.2020 11.00 ; |
2 | Қараой | Қараой ауылының мәдениет үйі | Қараой ауылы, Бейбітшілік көшесі №10 | 18.09.2020
10.00 ; 12.00;
21.09.2020 10.00 ; 12.00;
23.09.2020 10.00; 12.00; |
Іле аудандық ұйымдастыру комитеті