Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғам

ТАҒАЙЫНДАУ

Іле ауданы әкімінің өкімімен Қасенов Марлен Маратұлы аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Қасенов Марлен Маратұлы 1987 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында дүниеге келді.

2010 жылы Қарағанды экономикалық университетінде маркетинг мамандығында, 2017 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы академиясында «Аймақтық және муниципалды басқару» мамандығы бойынша білім алды.

Еңбек жолын 2007 жылы ҚР ПІБ «ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» көшірме жұмыстары бөлімінің инженері, техник болып бастады.

2012 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде, Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі жөніндегі комитетінде, содан кейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі сынды әртүрлі қызметтер атқарды.

2015 жылдан бастап ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас инспекторы, Алматы қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді бақылау және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің бастығы, Ақмола облысы Аршалын ауданы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді.

2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінде, содан кейін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Кеңсесінің ұйымдастыру жұмысы бөлімінде қызмет етті.

2019 жылдың қарашасынан Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінен бастап Аматы облысы, Іле ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Үйленген, екі баласы бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button