Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыРуханият

Бұлақ көрсең, көзін аш…

Білі және ғылымҚазіргі дамыған дәуірде озық қоғамға ілесе алатын ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы. Себебі, еліміз дамыған мемлекеттердің қатарына қосылу үшін білімге, мәдениетке және ұлттық тәрбиеге аса мән бергені жөн. Ұлттық тәрбиеден нәр алған адам – рухани құндылықтарды бойына сіңіріп биік дәрежеге көтеріледі. Тәрбие қайнарынан сусындап, ұлттық тамырынан ажырамаған адам өз елінің ертеңі үшін жан аямай күресе алатын қайраткер, жеке тұлға болып қалыптасады.

Бүкіл әлем үшін биылғы жыл сынға, ауыртпалыққа толы болып отыр. Елдің амандығын тілеп отырған кезеңде келер ұрпақты қазақ әдебиеті майталмандарының шығармашылығына сусындап, құштарлана оқуына бағыттау ісі де қалыс қалмады. Қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлестерін қосқан Абай Құнанбайұлының,Мағжан Жұмабайұлының, Ілияс Жансүгіровтың, Мұқағали Мақатаевтың, Қадыр Мырза-Әлінің туындыларын түсіне оқуға, әндерін нақышына келтіреорындауға, өмірлерінің әр кезеңінен үлгі алып, жас ұрпақтың бойында ұлттық сана мен отаншылдық сезімдерін оятуға ауданымыздың мұғалімдері ерінбей атсалысуда:

Алматы облысының білім басқармасы ұйымдастыруымен қашықтықтан sabak.kz бағдарламасы арқылы 2020 жылғы 3 маусым күні өткізілген Қадыр оқуларының облыстық кезеңіне ауданымыздың атынан қатысқан №7 орта мектебінің 5-сынып оқушысы Іскендір Сағым мен №47 орта мектебінің 7-сынып оқушысы Тұржан Анеля жүлделі ІІ орынды иеленсе, ал №14 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Каипбек Олжас ІІІ орын жүлдегері атанды. Үш қатысушы – үшжүлдегер.

Облыстық Мағжан оқулары да қашықтықтан өткізілді. Оқушыларды ауыр індеттен сақтандыру мақсатындақашықтықтан өткізілген сайыстың өзіндік тиімді де тиімсізжақтары болды. Әділ қазылар алқасына баланың қабілеттерін қашықтан айқындау қиындық туғызса, оқушыларға тек өз өнерлерін көрсетумен қатар, гаджеттерді қолдана алу мәселесі менғаламтордың дұрыс жұмыс істеуісияқты факторлар әсерін тигізді. Облыстық Мағжан оқуларында№12 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Жора Рахатжүлделі 1 орынды, ал №39 гимназияның оқушысы Шаукен Еркебұлан жүлделі 3 орынды иеленді.

2020 жылдың 29 шілдесі күні Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Алматы облыстықбілім басқармасы ұйымдастырған ұлы ғұламаның шығармашылығын насихаттауға арналғансайыста Жандос Аяла жүлделі 1 орынды иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алса, ал Дархан Камила мен Жексенбаева Ақгүл жүлделі 3 орынды иеленді.Шәкірттеріміз ауданымыздың абыройын асқақтатып, облыс көлемінде өз білімдері мен өнерлерін көрсете білді. Оқушыларды дайындаған жетекшілерінің еңбегі еленіп, алдағы уақытта биік белестерден көрінетіндеріне де сеніміміз мол.Ұстаздардың қажырлы еңбегінің жемісі – оқушыларының жетістіктері емес пе?..

2020 жылдың тамыз айында жоспарланған облыстық Мұқағали оқуларында аудандық сайыста бас жүлденіиеленген М.Мақатаев атындағы №13 орта мектептің 10-сынып оқушысы Шаймерденова Айым қатысып, арнайы жүлдеге ие болып, сертификатпен марапатталды. Алоблыстық Ілияс оқулары14 тамыз күні онлайн түрде өткізіліп, ауданымыздың атынан №7 орта мектептің 8 «А» сынып оқушысы Бердыбаева Альмира қатысты. Албмира үмітімізді ақтап, жүлделі І орынды иеленіп, республикалық байқауға жолдама алды.

Заманымыздың алыбы М.Әуезовтың «Кімде-кім ана тілін, әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды», — деген сөзін мақсат тұтып, білім саласында шығармашылықпен айналысып, оқушылардың ана тіліне, әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін оята білген ұстаздарымызға да алғысымыз шексіз.Мұғалім ретінде өз пәнін жетік меңгеріп қана қоймай, оқушылардың жүрегіне жол тауып, жас ұрпақты өнерге баулып жүрген аяулы ұстаздарымыз көп. Олардың ішінде №7 орта мектептің мұғалімдері Султанбекова Шынар Серікқазықызымен Сыдыкбаева Айгүл Байбосыновна,№12 орта мектебінің мұғалімдері Құсайынова Еңлік Нүкішқызы мен Шыныбаева Раушан Тоялықызы, №39 гимназиясының мұғалімі Кенжебаева Нурсулу Елимбаевна, №24 лицей мұғалімі Жандарал Рыскүл Байжұмақызы, №48 орта мектебінің мұғаліміТөлегенова Дина Абдиганиевна, №38 мектеп-гимназиясының мұғалімдері Әкімберді Динара Әкімбердіқызы, Жанайбекова Гульнар Токтакумаровна,№14 орта мектебінің мұғалімі Султанкулова Мақпал Турсыновна, №47 орта мектебінің мұғалімі Молдабекова Купан Молдабековна,№13 орта мектебінің мұғалімі Тілеуқұл Ақмейір Мұхитқызы, №5 орта мектебінің мұғалімі Мырзалиева Айнұр Батырбекқызы секілді ұстаздарды ерекше атап өткім келеді.

2020-2021 оқу жылы да мұғалімдер үшін үлкен сынақпен, өзгеше талаптармен, сақтық шарасы ретінде қашықтан оқытумен басталғалы тұр. Соған қарамастан, «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» — деп Абай атамыз айтқандай, білікті ұстаздарымыз дарынды шәкірт тәрбиелеуден жалықпай,жоғарыдағы жетістіктерін еселейтініне сеніміміз мол. Себебі, ұстаздық жолын таңдаған абзал жандар сынға да, сынаққа да сүрінбей, тек қана алға ұмтылып, ел болашағының жарқын болуы үшін қызмет етеді.

 

А. Молдагулова,

аудандық Білім бөлімінің әдіскері

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button