ҚУАНЫШ СЫЙЛАҢЫЗДАР
Қоғамда жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларының, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылардың бары анық. Балалардың қажетті білім алуына материалдық қажеттіліктердің жетіспеушілігін болдырмау мақстында №36 орта мектебінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты – аз қамтылған, көпбалалы отбасылардағы,
жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмектесіп, әлеуметтік себептер бойынша оқушылардың мектепке бармауының алдын алу.
«Атамекенім» қоғамдық қорының қолдауымен «www.atamekenim.kz» порталында көмекке мұқтаж ата-аналардың өз өтініштерін қалдыра алатын «Мектепке жол» платформасы мен телеграмм-чат қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда көмек сұраған 11 отбасы тіркелді. Іс-шараның басты мақсаты – мұқтаж жандарға онлайн-режимде осы тізімге өтінім қалдыруға мүмкіндігі бар екені туралы түсіндіру. Өкінішке орай, «Атамекенім» порталынан көмек көрсетілмеді. Бұл платформа жыл бойы жұмыс жасайды, ата-аналардың
өтініш беру жұмыстары жалғасын табады. Қайырымдылық акциясына қатысып, көпбалалы, әкелері қайтыс болған отбасына «SAMSUNG» А10 смартфонын сыйлап, көмек берген, жүрегінде жылуы бар азаматымыздың бірі Жәпек батыр ауылының тұрғыны «Іле ирригация» МҚК басшысы
Бейсенбаев Женісбек Жұмабекұлына алғысымыз шексіз. Сонымен қатар жағдайы нашар отбасыға қайырымдылық көрсетіп, онлайн оқуға қаржылай көмек көрсетіп және оқу құралдарын алып берген мектеп ұстаздарына алғыс айтамыз. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына жыл бойы көмек беріліп, мектебімізде әлі де осындай игі істер жалғасын табады. Жаны жомарт қол ұшын берем деген азаматтарды қайырымдылық шарасына атсалысуға шақырамыз. Балаларға қуаныш сыйлаңыздар! Қайырымдылық көмек көрсеу сұрақтары бойынша Жәпек батыр ауылында орналасқан №36 орта мектебіне 87275239854 немесе 87471448429 номері
бойынша хабарласуға болады.
М. РАХМЕТОВА,
№36 орта мектептің әлеуметтік
педагогы