Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБілім және ғылымҚоғам

ҚАЙТАРЫМЫ БАР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Қазақ қашанда жетімді жылатпай, басынан сипап өсірген. Өзінен артылғанын жақындарына, тұрмысы төмен жандарға беру ежелден келе жатқан қайырымды іс болып саналады. Қай кезде болмасын күйгелек дүниенің ауыртпалығын арқалап, тар жол тайғақ кешіп жүрген жандар арамызда аз емес. Осындай жағдайда әрдайым дүйім жұрт, қалың ел болып жығылғанды көтеруге жабыла атсалысу – қанымызға сіңген әдеттің бірі. Осы орайда, жыл сайын тамыз-қыркүйек айларында мектептерімізде жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, толық емес, аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға мемлекет бойынша көмек көрсетілетін «Мектепке жол» атты науқан өтеді. Науқанға №38 мектеп-гимназиясы да белсене қатысты.

Бірінші кезекте, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 оқушыға қаражат, мектеп сөмкесі, оқуға қажетті құралдары түрінде, екінші кезекте аз қамтылған, толық емес және көпбалалы отбасыдан шыққан 1-11 сынып аралығындағы 281оқушыға 562000 теңге көлемінде: дәптер, қалам, қарындаштар, ұштағыш, өшіргіш, түрлі-түсті қарындаштар секілді оқу құралдарын алып беріп, көмек көрсетілді.

Көмек көрсеткен демеушілер қатарында: Іле ауданы әкімінің орынбасары А. Жөргенбаев, «Нұр Отан» партиясы, «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешіті, «Карандаш» кеңсе тауарлары дүкені, «Ана тілі» дүкені, «Народный» дүкені, «Alramin» компаниясының директоры Г. Бекенбаева, мектеп-гимназия қызметкерлері Р. Усимбаев, М. Абдушева, А. Өмірбекова, Г. Асанова, А. Тұралықова, Ғ. Есенғұлова және мектеп ұжымы бар.

Акция аясында көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созған демеушілерге №38 мектеп-гимназиясы әкімшілігі алғыс білдіреді.

Ә. БАРАШЕВА, әлеуметтік педагог

Басқа жаңалықтар

Back to top button