Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБілім және ғылым

ТАҢДАУЫМ – БАЛАЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ

Кез келген отбасының қызығы да, шыжығы да – бала. Бала – өміріңнің жалғасы, өзеніңнің арнасы. Оның әр қылығы шаршағаныңды басып, көңіліңе жылылық ұялатады. Дегенмен, мұндай қуаныштың барлық отбасында бола бермейтіні өкінішті-ақ, әрине.

Жыл бойы жалғасын табатын «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы бойынша жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы, толық емес отбасы, үйде оқитын, аз қамтылған отбасы, сәтсіз отбасы, өгей ата-анамен тұратын отбасы балаларына қолдау мақсатында жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясына Н. Тілендиев ауылындағы №26 орта мектеп ұжымы және ауыл мешіті мен бірге демеушілеріміз де белсене атсалысты.

Осындай әлеуметтік мәртебеге ие 60 оқушыға демеушілер, ауыл мешіті және ұстаздар тарапынан мектепке қажетті планшет, сумка, кеңсе тауарлары және азық-түлік алынып берілді. Іле ауданының статистика бөлімінің ұжымы көпбалалы отбасына планшет және қаржылай көмек көрсетті. Жалпы құны 80000 теңгенің көлемінде жәрдем берілді. Ауыл мешіті 6 оқушыға 34 000 теңге көлемінде сөмке мен кеңсе тауарларын алып берді. Осымен қайырымдылық іс-шарасы тоқтамайды, жылдың соңына дейін әлеуметтік мәртебедегі оқушыларға көмек көрсетіледі.

Демеушілік танытып, қолұшын берген азаматтар мен ұстаздарымыз ризашылық білдіріп, барлықтарыңыздың жұмыстарыңызға толағай табыс, отбасыларыңызға бақыт пен амандық тілеймін.

Ж. ДИҚАНБАЙҚЫЗЫ,
№26 орта мектептің әлеметтік педагогі

Басқа жаңалықтар

Back to top button