Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғамРуханиятТұлға

ЖАУЫНГЕР 75 ЖЫЛДАН КЕЙІН ЕЛІНЕ ОРАЛДЫ

Соғыстың зардабын ғасырлар бойы тартасың. Оған ел аманатын арқалап, Отан алдындағы борышын өтеуге, қанқұйлы фашистердің көзін жоюғаҰлы қазақ даласынан аттанған, азаматтардың хабарсыз кетіп, 75 жылдан кейін табылып, сүйегіелге оралып жатқаныкуә.  Із-түзсіз кеткен жауынгерлердің кейбірі табылып, отанына әкеліп жерленсе, енді бірі әлі іздестірілуде. Күні кеше ғана Семей облысы, Аякөз ауданы, Таңсық колхозында дүниеге келген соғыста із-түссіз жоғалған Жағыпар Қайларов атамыздың сүйегі Іле ауданы, Жетіген ауылының топырағына әкеліп жерленді.

Жағыпар Қайларов 7 жылдық білімі бар, мектепті үздік аяқтап, Семей қаласындағы педагогика учлищесін тәмәмдаған. 1938 жылы армия қатарына алынып, НКВД-ның әскери-политикалық шекара училищесінде оқып жүргенде 1941 жылы Ленинградты қорғауға аттанған.  Жағыпар атамыз соңғы хатын 1941 жылы Ленинград түбінде қияң кескі ұрыс болып жатқан кезде жазыпты.Ауылдағы туған-туысы бар-жоғын білмей, сүйегіне зар болды. Содан бері бір ширегі кем ғасырға жуық уақыт өтсе деҚайларовтар отбасы соғыстан қайтпай қалған бауырларын іздеуді жылдар бойы жалғастырды. Ақыры ғаламтор арқылы іздеу топтарымен байланыс жасап, нәтижесіндеқазіргі Санкт-Петербург, бұрынғы батырлар қаласы Ленинградтың түбінен сүйегі табылды. Ал, «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігі мен Ресей Федерациясынан «Искра» іздеу тобы бірігіп, соғыс даласынан сүйегін елге жеткізуге мұрындық болды. «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Қызғалдақ Епекова бірлестіктің жұмысы туралы: «Біздің «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігіміз 1941-1945 жылы Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстаннан  майданға аттанып, із-түссіз жоғалған жауынгерлерді іздеу жұмыстарымен айналысады. Егер жауынгерлер жайлы ресми мәлімет, не тұтынған заты, болмаса сүйегі табылған жағдайда туған-туысына табыстаймыз. Қазіргі күні 2800 адам іздеу шараларына тапсырыс беріп, соның ішінде 550 жауынгердің жерленген орындары анықталды. Ал, Жағыпар Қайлароватамыздың сүйегі біздің бірлестік арқылы еліне оралғантөртінші жауынгер», — деп, ел үшін жанын берген ерлердің іздеусіз, жоқтаусыз қалмайтынын атап айтты.

Жетіген ауылына ұшақпен жеткізілген ардагеріміздің сүйегін 65229 әскери бөлімімен десанттық шабуылдаушы бөлімі қарсы алып, жауынгергетән құрмет көрсетіп, салт-жоралғыларын жасады. Осы істің басы-қасында жүрген ардагердің ұлы Сәбит Қайларовбарлық азаматтарға алғыс айтып, салтанатты жиынды ұйымдастырған Іле аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі мен Жетіген ауылдық округінің әкімі Нұрлан Абиловке шексіз ризалығын білдірді.

Жағыпар Қайларовты туыстары бір күн қазақ салтымен аза тұтып, келесі күні Жетіген ауылының Отан соғысы ардагерлері ескерткіші алдында, қаралы жиында батырды еске алып, бір минут үнсіздік жарияланды. Одан кейін десанттық шабуылдаушы бөлімі батырды зират басына апарып, ауыл ақсақалдары құран бағыштап, жер қойнына табыстады.

Өз тілшіміз

Басқа жаңалықтар

Back to top button